Саясат - "Хабар" телеарнасы
EXPO 2017 в Астане
Сенбі, 19 Тамыз 2017 14:28

Қазақстан Президенті минералды су шығарумен айналысатын кәсіпорынды аралап көрді.

Мемлекет басшысына кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнімділігі, жаңа жұмыс орындар саны, тартылған инвестиция көлемі жөнінде мәлімделді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

 
Сенбі, 19 Тамыз 2017 13:30

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және 2015 жылғы қарашада Ауғанстан президенті А. Ганидің Астанаға сапары барысында екі мемлекеттің Басшылары жасасқан келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. 

Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін жақсарту шаралары мен темір жолдар салу саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары қаралды. Бұдан өзге, екі елдің білім беру саласындағы өзара іс-қимылын жалғастыру мәселесі көтерілді. 

Бақытжан Сағынтаев Абдулла Абдулланы ұлттық мерекесі – Ауғанстан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оған қоса, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017-дегі Ауғанстанның Ұлттық күнін талқылады. 

Анықтама: 

Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 489,4 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 486,8 млн, импорт – 2,5 млн. 2017 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 195,8 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт – 195,2 млн, импорт 0,6 млн.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Сенбі, 19 Тамыз 2017 12:05

Елбасы «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылығына барды.

Мемлекет басшысы астық алқабының жағдайымен және егін шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны сатумен айналысатын аграрлық кәсіпорынның қызметімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы егін ору науқаны және оған ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы туралы баяндалды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті облыстың шаруаларымен әңгімелесіп, ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы жөнінде сұрады.

Әңгіме барысында шаруашылық еңбеккерлері Елбасыға қабылданған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны туралы айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірге субсидия беру, аграрлық өнімдер экспортын дамыту және шаруашылықты технологиялық жаңғырту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.