07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Елбасы АҚШ-қа ресми сапары қарсаңында Джордж Кролды қабылдады

Елбасы АҚШ-қа ресми сапары қарсаңында Джордж Кролды қабылдады

Тарихи сапар қарсаңында Президент Қазақстандағы АҚШ елшісімен кездесіп, күн тәртібіндегі мәселелерді бір пысықтап алды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Крол әуелі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін ортаға салды. 26 жылда серіктес екі мемлекет арасында достық байланыс орнап, 70-тен астам келісімге қол қойылған. Тараптар бұл байланысты тереңдетуге мүдделі. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес, ядролық қарусыздандыру режимін нығайту, сауда-экономикалық һәм инвестициялық қарым-қатынасты кеңейту секілді стратегиялық әріптестік бағыттары бойынша АҚШ Президенті Дональд Трамппен келісімге келгенін айтты. Соңында елшіге екі ел байланысын нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я хотел специально с Вами встретиться перед моим визитом. Во время своей деятельности Вы сыграли немалую роль в развитии отношений США и Казахстана. Я хочу поблагодарить за такую деятельность. За 26 лет независимости я имел контакты со всеми президентами. В целом мы выстроили хорошие отношения, приняты документы.

Джордж Крол, Қазақстандағы АҚШ елшісі:

- Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына сапары қарсаңында мен Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Вашингтон Мемлекет басшысын асыға күтіп отыр. Бұл Дональд Трамптың шақыруымен өтетін алғашқы ресми іссапар болмақ. Күн тәртібінде екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланады. АҚШ Қазақстанды сыйлап, құрметтейді. Сондықтан бұл сапар ынтымақтастықты кеңейтіп, бекемдей түспек.