×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Саясат

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті Ақорда

Жиында Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапарын қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар пысықталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен келіссөздері қос ел ынтымақтастығына тың серпін бергені сөзсіз. Елбасы ендігі кезекте бұл келісімдердің орындалуына септігін тигізетін шаралар қарастыру қажет екенін айтты. Және Қазақстан АҚШ-тың ірі компаниялары және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асырудың маңыздылығын атады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүгін біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында нақты мәселені қараймыз. Біріншіден Вашингтонда, Нью-Йоркте болған кездесулер жайында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне баяндап, болған шаруаларды, шешілген мәселелерді жинақтап, келіссөздер жүргізгеннен кейін соның нәтижесінде не істеуіміз керек біздің жағымыздан. Жоғарғы басшылардың арасында, басқа Америка басшыларының арасында бірталай кездесу болды. Ішкі саясат, сыртқы саясат, өңірлік, дүниежүзілік қауіпсіздік мәселелері, экономикалық жағынан өте көп нақты келіссөзге қол жеткіздік. Соның барлығын бүгін сіздерге баяндап, біздің не істеуіміз керек екенін қарайтын боламыз. Содан кейін өзіміздің ішкі мәселелерімізді қараймыз.