Саясат

Ә.Ахметов: Латын әліпбиін меңгеру қиындық туғызбайды

Ә.Ахметов: Латын әліпбиін меңгеру қиындық туғызбайды

Латын әліпбиіне көшуде саяси астар жоқ.

Филология ғылымдарының докторы профессор Әділ Ахметовтің пікірі осыған саяды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» телеарнасына берген сұхбатын тыңдаған қоғам қайраткері Елбасының келтірген дәйектерін толығымен қолдайтынын жеткізді. Ахметовтің ойынша, қазір елде шет тілдерін меңгерген жастар саны көп болғандықтан, латын әліпбиін меңгеру қиындық туғызбайды. «Керісінше, бұл өзгеріс қазақ тілінің келешегі үшін қажет», – дейді зиялы.

Әділ Ахметов, филология ғылымдарының докторы, профессор:

-Кеше Президент нүкте қойды. Ешқандай саясат жоқ. Ол қазақ тілінің жеке өз басына ғана қатысты. Оған дәйектерін айтты. Ешқандай қиындық туғызбайды. Әріп-таңбалардың санын өзгертпей, сол күйінде қалдыру керек. Ресурстарын пайдалану керек. Бұл экономикалық тұрғыда үнемді болады. Аударған кезде де үнемді болады. Оның бәрін кеше Президент өзі айтты. Сондықтан біз осы идеяны қолдауымыз керек.