ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті жұмысын жалғастыруда

ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті жұмысын жалғастыруда

Бүгін Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті жұмысын жалғастырады.

Қазақстанда алғаш өтіп отырған саммитке ұйымға мүше 56 мемлекет қатысуда. Арасында Түркия мен Иран, Пәкістан мен Өзбекстан елдерінің Президенттері бар. Саммиттің көздегені – Ислам әлемінде ғылым мен білімді дамыту, технологияларды тартып, инновацияларды игеру. Кеше саммитті салтанатты түрде ашқан Нұрсұлтан Назарбаев 1,5 млрд адамды біріктіретін Ислам әлемін ауызбіршілікке шақырып, көштің соңында қалмау үшін ғылымға бет бұрып, инновациялық қор құруға шақырды.