ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады Kazday

Нұрсұлтан Назарбаев 14 қыркүйекте отандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті 2017 жылғы 16 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады.

Мемлекет басшысы Ташкентте Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізеді. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытудың жолдары талқыланады. Сондай-ақ сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр. 

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 17 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түрікменстанға барады. Сапар аясында Қазақстан Президенті Ашхабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарына қатысады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.