ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елбасы ІТ-жобалар көрмесімен танысты

Елбасы ІТ-жобалар көрмесімен танысты

«Цифрлы Қазақстан» кеңесіне қатыспас бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы әзірленген көрмені аралап, онда ұсынылған өнертабыстармен танысты.

Арнайы көрмеде түрлі бағыттар бойынша 30-дан астам ІТ-жоба қойылған. Елбасы цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттігін, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев белгіленген міндеттерді шешіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді тапсырды. Цифрлы бағдарламасын жүзеге асыру арқылы елімізде 2021 жылға қарай интернет желісін пайдаланушылардың қатары 81%-ға өседі. Ақпараттық коммункациялар технологиясында өнімділік көлемі 5,9%-ға өседі. «Ал электрондық форматта мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалану 80%-ға жетеді», – дейді мамандар.

Бұған қоса Мемлекет басшысы болашақтағы жаһандық сын-тегеуріндер мен технологиялық трендтерді зерттеу қажеттігін атап өтті. Бүгін айтылған мәселелердің барлығы еліміздің Үшінші жаңғыруы аясындағы маңызды міндеттер саналады.

«Үкімет оларды мемлекеттік бағдарламада ескеруі қажет», – деді Елбасы. Бүкіл әлеммен қатар «Қазақстанның да болашағы инновациямен, тың технологиялармен байланысты. Сондықтан экономикамызды ғылым және біліммен байланыстырып дамыту – уақыт талабы». «Цифрлы Қазақстан» атты көрмені аралап, халыққа қызмет көрсету саласындағы электрондық жүйелердің мүмкіндіктерімен танысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Президент сондай-ақ мемлекеттік органдар мен банк секторындағы электрондық қызметтерді жеңілдететін технологиялармен танысты. Алыс-шалғай аудандарды жылдам интернетпен қамту картасы паш етілді. Айта кетері, аталмыш сайттар мен қосымшаларды «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген өзіміздің жас мамандар әзірлеген. Қазір елде 300 программист маман бар. Олар соңғы екі жылда мемлекеттік органдар пайдаланып отырған 230-дан астам қосымша дайындаған. Осыған орай Елбасы жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, арнайы орталық ашылатынын айтты. Өз жатақханасы бар, қажетті замануи технологиялармен жабдықталған болады.

Студент:

- Наша цель, Нурсултан Абишевич, подготовить 10 тысяч программистов за пять лет, чтобы принести экономике доход. Наша команда состоит из 10 программистов. Мы все выпускники программы «Болашак». Мы уже подготовили за последние два года более 300 профессиональных программистов, которые сегодня работают в ведущих американских компаниях. Мы уже создали за последние два года более 230 приложений для компаний, госорганов, 4 приложения для генпрокуратуры вы видели уже. Мы создаем социальные приложения для изучения казахского языка, для западной публики, изучения японских иероглифов. Но наш лазерный фокус на одной проблеме. Подготовка профкадров для современного IT-рынка. То есть у нас будет помещение, 2 тысячи компьютеров. Большие стипендии для программистов и льготные общежития. Мы будем создавать новые продукты каждые три месяца. К 2022 году мы дойдем до нашей общей цели.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вот возможность вам, что для этого надо, все условия надо создать. Общежитие, если надо. Средства нужны для этого. Оснастить оборудованием. Собирать всех умных, чтобы они работали. Я вас учил за границей всех. Подготовленные люди есть. Наша задача - создать все условия, чтобы они здесь работали. Наша задача - сделать скачок. Когда паровую машину в Англии создали, текстиль создавали рукой, а производительность после этого поднялась на 1000 процентов. Вот это инновации. Это называется абсолютной инновацией. Нам сейчас это надо. Это ваша задача. Это ваша жизнь в 21 веке. Вот я это создаю.