ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтіп, бауырластыққа негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажеттігі жөнінде айтты.

-Қазір Қырғызстан ел Президентін сайлау науқаны алдында тұр. Бұл – әр мемлекет үшін маңызды сәт. Қырғызстанның тәуелсіздік жылдарындағы барлық Президентімен жемісті жұмыс істуге тырыстым. Қырғыз халқы сеніп сайлаған жаңа Президентпен де тиімді серіктестік орнатамыз, – деді Елбасы.

Өз кезегінде Өмірбек Бабанов Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік ұстанымын Қырғыз халқы жоғары бағалайтындығын әрі үнемі қолдайтынын жеткізді.

Өмірбек Бабанов, Қырғызстан Президенттігіне үміткер:

-Біз Қазақстанның егеменді ел болып, осындай Астана салғанын, Қазақ елінің жетістіктерін айтып отырамыз. Алысқа бармай, міне Бішкектен ұшақ арқылы Астанаға 1,5 сағатта жетеміз. Сіздерден үйренеріміз көп.

Нұрсұлтан Назарбаев,Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қырғызстан қазір сайлау науқанының қарсаңында тұр. Бұл – ел үшін өте маңызды кез. Мен осы Тәуелсіздік жылдарының ішінде барлық Президентпен де жақын қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Қолымнан келгенше көмектестім. Сондықтан бұл сайлауда кімге Қырғыз халқы сенім көрсетсе, онымен де бұрынғыдай жұмыс істейміз. Екі елдің арасы жақын болу керек. Бізде бөлісетін еш нәрсе жоқ. Қолдан келген көмектің барлығын жасаймыз. Қырғызстанның жолының барлығы Қазақстан арқылы жүреді. Оған қолдау жасап отырмыз. Ал Өзіңізді көптен бері білемін. Бизнеспен шұғылданып, көп тәжірибе алдыңыз. Үкіметті басқардыңыз. Ол да бар. Енді Сіз секілді азаматқа Қырғыз халқы қолдауын беріп жатса, Қазақстан үнемі қолдайтын болады. Басқалары маған ренжімесін. Айтарым, ол – біздің емес, Қырғызстанның ішкі шаруасы. Мен оған кірісейін деп жатқан жоқпын. Кімді сайласа да, онымен жұмыс істейміз. Бірақ білетін, жас, тәжірибелі адам болса, елге де, Қырғызстанға да керек деп ойлаймын. Мы со своей стороны постоянно будем оказывать искреннюю братскую помощь. Нам ничего не нужно от Кыргызстана. Нам нужен братский добрый сосед, с которым мы хотим торговать. Сейчас все границы открыты. Чего нету у вас у нас берите, чего нету у нас, в Кыргызстане будем брать. Сайлау жақсы өтсін! Тыныштық болсын! Елдің ырқы бұзылмасын деп тілеймін!