Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

  • Сенбі, 30 Қыркүйек 2017 10:20

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын  дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Мыналар:
1)  «ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;
2) Комиссия туралы ереже;
3) Комиссияның құрамы бекітілсін.
3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп:
1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;
2)  Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
 
Қазақстан Республикасының
             Президенті                                                                             Н. Назарбаев
 
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 қыркүйек
№ 188

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.