29 қазанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

29 қазанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

Жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға үміткерлерді ұсыну және тіркеу мерзімі аяқталды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының өкілдері оның қорытындысымен бөлісіп, 29 қазанда болатын сайлауға дайындық барысын баяндады. Науқан 15 өңірде 105 сайлау округінде өтеді. Мамандар осы жолы бос орындар саны тым көбейіп кеткенін айтты. Әсіресе Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Алматы облыстарында.

Мақсатхан Анапин, ҚР ОСК бөлім меңгерушісі:

– Сайлау науқаны барысында 370 үміткер ұсынылды. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 93 үміткер бар. Орташа бір орынға 4,2 адамнан келеді. Қалалық мәслихаттарға 72 үміткер ұсынылды. Ол бір орынға 3,7 адамнан келеді. Аудандық мәслихаттарға 205 үміткер. Бір орынға 3,2 адамнан келеді.