ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Жиын жабық есік жағдайында өтті. Онда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан көшбасшылары бірқатар құжатқа қол қойды. Соның негізгісі – 2025 жылға дейінгі цифрлық теxнологияларды дамыту жоспары.

Бұл бағдарламалық құжат Еуразиялық бестікке электрондық сауданы бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан жаһандық цифрлық трансформацияға қарай жасалған ірі қадам. Осы орайда Қазақстан 2018 жылы жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің цифрлық экономика жөніндегі арнайы кездесуін өткізуге шақырды.

Сонымен қатар Одақ көшбасшылары интеграциялық бірлестіктің даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. Одақ сәтті қызмет етіп келеді. Бастысы, интеграция экономикалық өсімге ойдағыдай әсер етіп отыр. Сөйтіп, Ішкі жалпы өнім жиынтығы биыл 1,8 пайызға артты. Өсім стратегиялық өндіріс салаларында байқалды. Ал сыртқы сауда көлемі 26 пайызға өскен. Келер жылы Одаққа төрағалық ету тізгіні Ресейге беріледі.