ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Ресейдің Челябі қаласында өткен XIV өңіраралық форум аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин кездесті.

Жыл басынан бері Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 10 млрд АҚШ долларына жетті, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 31%. Ресей экономикасына қазақ құйған инвестиция 3,32 млрд долларды құраса, орыс кəсіпкерлері Қазақстанға 10,96 млрд доллар салған. Тауар айналымының басым бөлігі аймақтар арасындағы өзара саудаға телулі. Ресейдің өндіріс нысандарының дені Қазақстанның барлық 14 облысымен байланыс орнатқан. Өңіраралық форумы аясында екеуара кездескен қос президент аймақаралық жиынды жыл сайын өткізіп отырудың өзектілігі орасан екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Челябинск очень связан с моей металлургической молодостью. Я бывал почти на всех крупных предприятиях здесь в своё время. Магнитогорский металлургический комбинат - флагман металлургии не только Советского Союза, но и всего мира. В то время давал 20 млн тонн стали, ни одни завод в мире столько не производил. Мы учились, приобретали специальность здесь. Челябинский тракторный завод, трубный завод, многие предприятия. Это грандиозный центр такой. Я с удовольствием приехал и надо вспомнить, что в 2002 году именно здесь мы договорились, что будем каждый год проводить межрегиональные форумы. Межрегиональное сотрудничество - основа экономического сотрудничества, которое, несмотря на трудности, растет. За последние 9 месяцев товарный обмен между нашими странами возрос на 31%. И я знаю, что наши министерства сегодня работали над 30-ю межрегиональными соглашениями, 10 межправительственных соглашений подпишем, то есть каждая встреча - это веха, это решение крупнейших задач.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Челябі қаласына қош келдіңіз! Сізді еліміздің индустриалды орталығында қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Бұл сапарыңыз екі елдің байланысын бекемдей түседі. Тақылеттес өңіраралық форумды өткізу сіздің бастамаңыз екені баршаға белгілі. Және ол жүйелі жүзеге асып, өз жемісін беріп келеді. Сәйкесінше бұл форумның нәтижелі өтеріне еш күмәнім жоқ.