ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елбасы Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясындағы көрмені аралап көрді

Елбасы Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясындағы көрмені аралап көрді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен бірге Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында өткен адам капиталын дамыту тақырыбына арналған көрмені аралап көрді.

Мемлекеттердің басшыларына Қазақстан мен Ресейдің білім беру жүйелерінің экспозициялары көрсетілді. Көрмеге Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры, «Bilim Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы менеджмент университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы сияқты Қазақстандағы білім беру мекемелерінің жобалары қойылған.