ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мемлекет басшысы Астана клубының үшінші отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Астана клубының үшінші отырысына қатысты

Елордада Астана клубының үшінші отырысы өтті. Оған 27 елден 60-тан астам мейман келді. Тізімде Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл, Чехияның экс-басшысы Вацлав Клаус пен Словенияның бұрынғы көшбасшысы Данило Тюрк бар.

Бұл жолғы тақырып өзекті. Сарапшылар Еуразияның даму келешегін талқылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қонақтармен пікір алмасып, Еуразия құрлығының ертеңі жайлы өз ойларымен бөлісті.

Қазақстан – Еуразия құрлығының айырылмас бөлшегі. Сондықтан оның ертеңіне бей-жай қарамасы анық. Бұл жиын соның бір дәлелі. «Менмін» деген мықтылардың басын біріктірген Астана клубы Еуразия кеңістігінің өзекті мәселелелерін саралады. Жиын алдыңғы басқосулардың жалғасы. Қазақстан бұл жолы да төрт тарапты ымыра-бірлікке, сенім мен серіктестікке шақырып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы пытаемся привнести в мир то, чего его ему в последнее время так не хватает: объединения, сплоченности, толеранстности для решения глобальных задач. Казахстанской дипломатии присуща философия диалога, компромисса и взаимовыгодного партнерства. Это видно на примерах посреднических усилий по Сирии, антиядерных инциатив, вклада в диалог между культурами, цивилизациями, выработка социально-экономических повесток дня.

Бүгінде геосаяси қақтығыстардың дені Еуразия кеңістігінде туындап отыр. Ол ең әуелі экономикалық әріптестіктің өркендеуіне тосқауыл. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікрінше, қазір жаһандық даму шығыс пен батыстың бөлінуі негізінде өрбіп келеді. Саяси репрессия, кедейлік, білім беру мен денсаулық сақтау деңгейінің төмендігі, мұның барлығы түрлі түйткілдердің туындауына түрткі болуда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Все более очевидны риски фрагментации мирового  экономического и технологического пространства. Наблюдается формирование нового торгового миропорядка путем образования крупных блоков вокруг конкурирующих экономических центров. Это может привести к снижению роли ВТО, усилению протекционизма. Угрозой международной торговле и честной конкуренции становятся санкционные войны, которые под предлогом политического давления преследуют экономические цели и наоборот.

Экономикалық түйткілдер өз алдына, саяси текетірестер де шешілетін емес. Жаһандық шиеленістің өсуімен бірге державалар жаппай қарулану үрдісін күшейтіп жатқаны жасырын емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Рост военных расходов это не только угроза безопасности и миру. Это неэффективное отвлечение экономических и человеческих ресурсов от реальных потребностей развития и благоденствия на земле. Испытание оружия массового уничтожения, ситуация на корейском полуострове заставляют сегодня нервничать весь мир. На этом фоне нет консенсуса между крупными державами в вопросах противоракетной обороны, сокращения ядерного оружия. Все эти вопросы стагнируют.

Бұдан бөлек халықаралық терроризм де белең алуда. Дүниенің қай түпкірін алсаң да дүрбелең. Бір ғана мысал, 2016 жылы лаңкестік оқиғалар әлемнің 104 елінде орын алған. Дүниенің жартысы. Сондықтан бұл қатер бірігіп күресуді қажет етеді. Есесіне соғыс пен кедейліктен қашқан бейбіт тұрғындар босқынға айналып, тентіреп кетті. Бүгін панасыз қалғандардың саны 250 -миллион адам. Осы орайда Президент жаһандық көші-қон процесін түбегейлі қайта ойластыру қажеттігін алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Катастрофические масштабы обрел международный терроризм. Для него не существует границ. Сегодня любая точка земного шара может стать объектом разрушительных ударов. Сначала третьего тысячелетия число терактов, как и количество погибших выросло в 10 раз. То есть по географии и масштабам мы находимся условно фактически в третьей мировой войне – войне против террора. Причём теракты смещаются от развивающихся стран в развитые. Псевдоисламские течения расширяют ареал своего влияния, агрессивно проникая на территории многих государств. Несмотря на противоречие мировым и региональным державам удалось скоординировать действия в борьбе с ИГИЛ на Ближнем Востоке. Однако надо понимать, что разгромленные боевики начнут возрождать ячейки на других территориях и это серьезный вызов для всей Евразии.

Ауыз су тапшылығы мәселесіне де тиісті көңіл бөлінбей отыр. Су – өмір сүру үшін басты қажеттілік. Сондықтан ресурсқа талас мемлекетаралық қақтығыстарға әкеп соғуда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Дефицит водных ресурсов накалил отношения между Пакистаном и Индией. Как мы знаем осенью прошлого года Индия заявила о прекращении работы двухсторонней комиссии по реке Инд, которая действовала с 1960 года. Высока вероятность обострения на Ближнем Востоке и в Центральной Азии. С ростом населения на планете неминуем продовольственный кризис в отдельных регионах мира. Происходит сокращение пахотных земель. Уменьшается плодородие почв. По расчётам экспертов, в ближайшие 40 лет необходимо увеличить посевные площади под зерновые как минимум в два раза. При этом важна интенсификация сельского хозяйства евразийских стран, в том числе и Казахстана, как крупного производителя продовольственных товаров.

Еуразияда барлық державалардың мүддесі тоғысқан. Әлемдік саясат пен экономиканың қалай өрбитіні осы құрлықпен тікелей байланысты. Ал оның күйзеліске емес, дамуға бет алуы адамзат үшін аса маңызды. Қазақстан интеграцияға шақырып, ЕАЭО-ның құрылуына түрткі болды. Сөйтіп, экономикалық серіктестік пен бірлескен дамудың шынайы үлгісін паш етті. Қазір ұйымның керегесі кеңейіп, оған қызығушылық артып отыр. Аймақтың ауызбірлігін арттырған Астана Еуропалық одақпен де ықпалдастықты күшейтуге мүдделі. Сөйтіп, Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастыққа қарқын беруде Қазақстан көпірге айналмақ. Ол үшін экономикалық және саяси негіз жеткілікті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я думаю, что развитие человечества – наше будущее. Именно субконтинент Европа-Азия, сотрудничество между собой, торгуя в свободном пространстве, могут рассчитывать на развитие. Долгое время государство, регионы находились на периферии международного взаимодействия ввиду удалённости от открытых морей. За последние два года впервые осуществлены прямые железнодорожные поставки из Китая в Афганистан, Иран, Великобританию. Все это позволяет по новому позиционировать евразийский регион в глобальном контексте. Я убеждён, что будущее за широкой интеграцией на основе равноправия, взаимного уважения, соблюдения принципов международного права.

Осылайша үлкен Еуразияны ортақ мүддеге жұмылуға шақырған Қазақстан текетірес емес, серіктестікке үн қосты. Ал Астана өзінің ең жоғары деңгейде саяси диалогтар өткіза алатын алаң екенін тағы бір рет көрсетті.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев