×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтына барды

Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтына барды АҚОРДА

Қазақстан Президенті «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі нәтижелері туралы баяндалды.

Сонымен қатар Елбасы бірқатар инфрақұрылым нысанының, соның ішінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың құрылыс жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.