ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылыми-медициналық орталығы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылыми-медициналық орталығы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Келер жылы елордада онкологиялық орталық ашылады.

Бұл ақжолтай жаңалықпен Елбасы қабылдауы кезінде «Ұлттық ғылыми-медициналық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абай Байгенжин бөлісті. Жаңа кешенде кез келген зиянды ісіктер мен ауыр халдегі науқастарды емдеуге мүмкіндік туады. Абай Байгенжин әлемдік тәжірибені ескере отырып, орталыққа ең үздік технологиялар енгізіліп жатқанын айтты.

Абай Байгенжин, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
- Әлемде бұл аурумен күресудің көптеген әдістері бар. Мен Елбасыға осы саладағы жағдай мен Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жайлы баяндадым. Қазіргі таңда онкологиялық орталықтың құрылысын аяқтап қалдық. Ол кез келген зиянды ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді. 2018 жылдың 1 маусымынан бастап біз бұл бағдарламаны жүзеге асырамыз.