ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мемлекет басшысы Германияның іскер топтарының өкілдерін қабылдады

Мемлекет басшысы Германияның іскер топтарының өкілдерін қабылдады

Биыл еліміз Германияға көптеп тауар жөнелтті. Экспорт көлемі сол елден жеткізілетін импортқа қарағанда әлдеқайда көп болды. Неміс экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бюхеле осылай деді.

Бюхеле басқарған делегация, яғни «Кнауф» компаниясының иесі және Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Рольф Мафаэль Елбасының қабылдауында болды. Нұрсұлтан Назарбаев іскерлік сапармен келген неміс бизнесмендері Үкімет мүшелерімен және отандық кәсіпкерлермен кездесетінін тілге тиек етті. Жұмыстарына сәттілік тіледі.

Екі елдің іскер топ өкілдері арасында әріптестікті тереңдете түсу керектігіне мән берді. Президент биыл қазан айында неміс бизнесмендерімен Сочиде өткен кездесудің нәтижесіне де тоқталып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы с вами встретились в Сочи в этом году. Я провел презентацию свою. Что хочет Казахстан, что мы имеем и что мы делаем? Мы предоставляем немецким компаниям возможность работать на редкоземельных металлах и других сырьевых ресурсах. Уже много немецких компаний работают в Казахстане.

Вольфганг Бюхеле, Герман экономикасы шығыс комитетінің төрағасы:

-Құрметті Президент мырза, осы 2 ай аралығында Сізбен екінші рет жүздесу – біз үшін үлкен мәртебе. Сізге сол үшін зор алғысымды білдіремін. Қазан айының басында біздің Сочидегі кездесуіміз барлық тараптар үшін сәтті өтті.