ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Н.Назарбаев «Yildirim Holding» компаниясының басқарма төрағасы Юксел Йылдырыммен кездесті

Н.Назарбаев «Yildirim Holding» компаниясының басқарма төрағасы Юксел Йылдырыммен кездесті

Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспарланған.

Бұл туралы бүгін «Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Юксел Йылдырым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен  кездесу барысында айтты.

Тараптар  химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді және оларды іске асырудың перспективаларын талқылады. Бұл ретте «Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екеніндігін жеткізді.