ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы Қазақстан Президентінің алдында ант берді.

Лорд Гарри Кеннет Вульф бұл қызметке Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған болатын.

Ақсүйек топтарының өкілі бұған дейін Англия, Уэльс, Катар мен Гонконгтың сот жүйелерінде еңбек еткен. Бүгінде ол – қаржылық құқық саласындағы халықаралық төреші һәм медиатор. 

Гарри Кеннет Вульф, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы:

– Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы ретінде Қазақстан Республикасына шын пейілмен адал қызмет ететініме және ҚР Конституциясы мен Қаржы орталығының құқығына сәйкес барлық адамдарға қатысты сот төрелігін адал жүзеге асыратынымды салтанатты түрде растаймын.

Салтанатты жиыннан кейін Елбасы сот төрағасы мен басқа да судьялармен тілдесіп, халықаралық қаржы орталығына әлем қауымдастығының сенімін арттыру өте маңызды екенін қадап айтты. 

Гарри Кеннет Вульф, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы:

– Сіздің қаржы орталығын құру жөніндегі бастамаңызды қолдап, идеяңызды жалғастыру – мен үшін үлкен құрмет. Сіз бен біз бұл жобаның толыққанды жүзеге асуына мүдделіміз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сіздер – әлемге танымал заңгерсіздер. Талай мемлекетте қызмет еттіңіздер. Кәсіби тәжірибелеріңіз  мол. Бұл қаржы орталығының маңызы зор. Біз оны әлемнің сенімі артатындай қалыптастыруға ниеттіміз. Сіздердің мінсіз жұмыстарыңыздың арқасында бұл сенімге ие боламыз деген сенімдемін.