ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ҚР Парламенті Сенатында шекара асқан көліктерді кері қайтару мәселесі қаралды

ҚР Парламенті Сенатында шекара асқан көліктерді кері қайтару мәселесі қаралды

Бүгін Сенат депутаттары ТМД елдерінде ұрланған көліктерді қайтару тәртібін реттейтін заң жобасын қарады.

Құжатты таныстыра келген Ішкі істер министрлігінің өкілдері тиісті келісім Мәскеуде 2005 жылы қабылданған айтты. Содан бергі 12 жылда заң жобасы әзірленіп, ондағы нормалар әбден сүзгіден өткен.

Жалпы осы 12 жылдың орайында қолды болған мыңдаған көліктің 200-ден астамы Достастық елдердің аумағынан табылған. Соның 60-тан астамы ғана сұрау салған елдерге қайтарылған. Заңды әзірлеу қажеттілігі осыдан туындаған.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Бұл келісім Достастық елдерінің тиісті мемлекеттік органдарының мәлімет алмасуын жеңілдетеді. Бастапқыда заң жобасы қаржылық шығын әкеледі деген бірқатар ел оны қабылдауды кейінге шегеріп келген еді. Қазір бұл келісімді Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресей, Молдова сияқты елдер бекітті және тәжірибеден байқағанымыздай, оны жүзеге асыруда бюджеттен шығын шықпайды.

Сондай-ақ бүгін сенаторлар Салық кодексінің жобасын қарап, оны Мәжіліске кері қайтарды. Айтуларынша, құжаттың әлі де болса жетілдіретін тұстары бар.