ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

ҚР Мемлекеттік хатшысының төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

ҚР Мемлекеттік хатшысының төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Келер жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 555 үміткерге стипендия тағайындалады.

Стипендианттар магистратура мен докторантурада оқуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. Жиында «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған жоспары мақұлданды әрі келер жылғы басым мамандықтардың тізімі бекітілді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Шетелде жоғарғы білімді кадрлар даярлау – алдымызға қойылған маңызды міндеттердің бірі. «Болашақ» стипендиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған экономикамыздағы Үшінші жаңғырудың басты ресурстарының бірі болып табылады. Біз осы жылы жазда 250 стипендия тағайындадық.