18:55 Әрі қарай эфирде: «Жаһандық саясат» бағдарламасы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының отырысына қатысты akorda.kz

Елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Жоғарғы Сот төрағасы қызметін атқарған Қайрат Мәми Конституциялық Кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

Ал бұған дейін осы қызметте болған Игорь Рогов зейнеттік жасқа келуіне байланысты қызметінен босатылды. Бұрынғы Бас прокурор Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Парламент Сенатына Мемлекет басшысы ұсынды және Жоғарғы палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Бас прокурор лауазымына болса Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаров тағайындалды. Ал Агенттіктің басшылық қызметін енді Алик Шпекбаев атқарады. Сенат депуттаттары алдында сөз сөйлеген Президент бұл кадрлық тағайындаулар еліміздің құқық қорғау саласын жаңғыртуға бағытталғандығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Өздеріңіз жақында құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту жөнінде заң қабылдадыңыздар. Сол заңға мен бүгін қол қойдым. Енді осыған орай құқық қорғау саласында лауазымды басшыларды да біраз реттеуге тура келеді. Өзінің уақыты келді деп санаймыз. Бұл мәселені көптен бері біз айтып келе жатырмыз. Барлық жағынан реформалар жүріп жатыр. Экономика жағынан, саяси жағынан, халықаралық жағынан құқық қорғау органдарының жұмысы әр уақытта біраз кеміп жүреді. Соны орнына келтіру керек. Я благодарю, что вы поддержали мои предложения. Такие вопросы решаются непросто. Очень важные участки нашей деятельности. Правоохранительная система отстает. Постоянно совершенствуем. Принимаем законы, вносим изменения в Конституцию и все равно. Особенно отставание кадров, нарекания. Чтобы народ пошел решать все свои проблемы в справедливый суд и получил ответы на все вопросы. Очень важно, над этим надо работать. Дать свободу бизнесменам заниматься своим делом, совершенствовать законодательство и делать так, чтобы вопросы решались не обязательно путем очень строгих мер. Наоборот гуманизация на всех ступенях очень важна, мы приближаемся к международным стандартам. Если мы говорим о правовом государстве, то правоохранительные органы играют в этом деле главенствующую роль. Думаю, что все это пойдет на благо нашего народа. Сондықтан барлықтарыңызға шын жүрегімізден табыс тілейміз. Мына бүгін депутаттардың бәрі бірауыздан дауыс беріп отыр. Кейін уақыты келгенде жұмыстарды қалай істеп жатқанын, қалай орындалып жатқанын сұрайтын болады. Сондықтан осы сенімді ақтаңыздар. Сол үшін сіздерге денсаулық керек, табыс керек. Соны тілейміз!