07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қырғызстан Президенті С.Жээнбеков қазақстандықтар мен Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғызстан Президенті С.Жээнбеков қазақстандықтар мен Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы КирТАГ порталы хабарлады.

«Қырғыз халқының және жеке өз атымнан қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Одақтастық және стратегиялық серіктестік ретінде қырғыз-қазақ қарым-қатынасы одан ары нығайып, екі ел халқының игілігі үшін дами түсетіндігіне сенім білдіремін», – делінген Қырғызстан басшысының құттықтауында.

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, амандық және ел қызметінде сәттілік тілеп, бауырлас қазақ халқына өркендеу мен бейбітшілік тіледі.