+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ҚР Мемлекет хатшысы Алматыда өткен халықаралық білім көрмесіне қатысты

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 15:25

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «International Education Fair 2018» халықаралық білім көрмесіне барды.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген жетінші міндетті маңызды басымдықтың бірі ретінде анықтап бергенін атап өтті. Ондағы басты мақсаттың бірі – барлық жастағы азаматтарды қамтитын өзіміздің озық білім беру жүйемізді қалыптастыру ісін жеделдету.

Гүлшара Әбдіқалықова білім беру саласын дамыту елдің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Білім берудің ұлттық моделі жасалып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып Болон үдерісінің және Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесіне айналды. Еліміз ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша әлемнің үздік 8 мемлекетінің қатарына кіреді.

Мемлекеттік хатшы білім берудің барлық сатысының нәтижелі дамып келе жатқанына назар аударып, Назарбаев зияткерлік мектептері – отандық білім беру жүйесінің мақтанышы, ал Назарбаев Университеті жоғары білім берудің көшбасшысы болып саналатынын, сондай-ақ Президенттің «Болашақ» стипендиясымен оқу ісі табысты жүзеге асырылып жатқанын ерекше атап өтті.

– Көрме Президенттің «Болашақ» стипендиясының 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп отыр. Осы жылдар ішінде 12,8 мыңнан астам стипендия тағайындалды. 10 мыңнан аса маман даярланды. Бүгінде оқып жатқан 1 мыңнан астам стипендиаттың басым көпшілігі АҚШ-тың үздік университеттерінде білім алуда, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

***

Көрмеге Қазақстанның 30-дан астам және әлемнің 21 елінің 70-ке жуық жоғары оқу орындары мен білім беру агенттіктері қатысты. Солардың арасында дүние жүзінің озық жоғары оқу орындары – Колумбия университеті, Уорвик университеті, Сьенспо университеті және тағы басқа білім ордалары бар.

Көрменің басты мақсаты – жаңа білім беру технологияларын көрсету, сондай-ақ білім мен ғылым саласында мемлекетаралық, университетаралық ынтымақтастық аясын кеңейту.

«International Education Fair 2018» көрмесінің қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, студенттер алмасу туралы 5 меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 13:45

Сала басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен бұған дейін берілген тапсырмаларды орындау бағытында атқарылған істерді баяндады.

Елбасы цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнес өкілдері атсалысуы қажет екенін айтты. «Бұл Қазақстанда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін керек», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Цифровизация этого направления экономик - все сейчас говорят об этом, все сейчас занимаются. Во-первых, мы это делаем чтобы не отстать. Программа реализации Казахстана утверждена. Государство на это выделяет немало денег. Мы должны на это тратить, мы должны делать. Потому что это будущее всей экономики страны во всех аспектах.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Цифрландыру бағдарламасы – сіз уақытылы көтерген бастама. 15 мемлекет осындай бадарламаны бекітті. Яғни бұл сұрақтарды барлығы қарастырып жатқан жоқ. Алайда Қазақстанда сіздің тікелей тапсырмаңызбен осындай бағдарлама жасалды және жүзеге асырылып жатыр. Егер әр бағытты жеке-жеке қарастырсақ, мәселен, инновациялы экожүйе құруға байланысты инновацияға сұраныс тудыру, таланттарды тарту, инфрақұрылым түзу, венчурлық қаржыландыру сияқты жұмыстар атқарылып, сіздің Жолдау аясында тапсырған заң жобасы әзірленуде.

Елбасы цифрландырудың арқасында ел экономикасы 30 пайызға өсуі керектігін айтты. Бұл ақшаға шаққанда, 2 триллион теңгеден асады. Ал Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының алдағы нәтижелері жөнінде мәлімдеді. Кездесу соңында Елбасы «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумды өткізуге дайындық жөніндегі есепті тыңдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– 2025 жылы Қазақстанның экономикасы 30 пайызға көбейе береді. Жаңадан келген пайда Үкіметке 2 триллионнан артық болуы керек. Соның барлығы осы есепте орындала ма, барлығы есептелген бе?

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Цифрландырудың қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін сараптама жасадық. Мәселен, өнеркәсіп, мұнай, уран салалары қарастырылды. Бұл салаларға цифрландыру қалай ықпал етеді? Өнімнің өзіндік құны төмендеп, өндіріс көлемі ұлғаяды. Осы тұрғыда біз өзге мемлекеттердің тәжірибесі негізінде өзіміздің көрсеткіштерді ескеріп, сәйесінше тиісті сандарға қол жеткіздік.

Гюнтер Кнабе: ҚР Президентінің Жолдауы Қазақстанның жаһандық аренадағы рөлін арттырады

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 12:04

Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-да солтүстіккореялық түйткілді шешу үшін келіссөз алаңын ұсынуы жоғары бағаға лайық.

Бұл Қазақстанның халықаралық дипломатияда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Қазақстан Президентінің Қауіпсіздік Кеңесі отырысында сөйлеген сөзіне Орталық Азия елдері жөніндегі неміс сарапшысы Гюнтер Кнабе осындай баға берді.

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері жөніндегі сарапшы:

- Корей түбегіндегі шиеленістерді шешуде Қазақстан делдалдығы – құптарлық қадам. Ал БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткен кездесуде Украина мен Иран түйткілдерін шешу үшін көмек сұрады. Осыдан Қазақстанның халықаралық саяси аренада қандай рөл атқаратынын көруге болады. Бұл әрине, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі және Қазақстанды осындай дәрежедегі келіссөздерді жүргізе алатын ел ретінде мойындау. Президент ядролық қарудан бас тарту керектігін баса айтты. Қазақстанның Таяу Шығыста ядролық қарусызданған аймақ құру туралы бастамасы – жақсы ұсыныс. Менің ойымша, ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Елдер арасындағы сенімді қайта орнатып, атомдық қарудан бас тартуға қол жеткізу қажет.

Грузияда Елбасы Жолдауымен таныса бастады

    Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018 08:00

Грузияда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауымен таныса бастады.

Грузия үкіметі әкімшілігінің бұрынғы басшысы Петр Мамрадзе Жолдауда айтылған он міндет Қазақстанға әлемдік көшбасшы мемлекеттер қатарына кіруге көмектеседі деп есептейді.

Петр Мамрадзе, Грузия үкіметі әкімшілігінің бұрынғы басшысы /2003-2008/:

- Президенттің төртінші өнеркәсіптік революция жайлы айта келіп, Қазақстанның уақытында жаңғырту өткізіп үлгерген елдер қатарына жету жолында жасауы тиіс он бағытқа тоқталғаны қатты әсер етті. Дәл қазір кейбір елдердің көшбасшылық ететін мемлекеттер тобына кіруге талпынатын, ал кейбірінің дамудан шет қалатын өзгеріс кезеңі екені анық.