×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі М.Бочарниковпен кездесті

    Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 12:54

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті. Михаил Бочарниковтың еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталды.

Ресейлік дипломат Қазақстанда 11 жыл жұмыс істеген. Мемлекет басшысы елшінің қызметін жоғары бағалап, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Президент екі елдің сыртқы саясаттағы ұстанымдары да үнемі үндес келетінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Отношения между Казахстаном и Россией укрепились за эти годы. Мы отметили 25-летие установления наших дипломатических связей. Развивается межрегиональное сотрудничество, визиты и встречи на высшем уровне стали интенсивными. Наше партнерство является примером межгосударственных отношений. На международном уровне мы поддерживаем друг друга. Во время моего визита в США я акцентировал особое внимание на вопросе российско-американских отношений. Об этом я говорил В.Путину недавно в разговоре. Я благодарен за вашу деятельность. Казахстан благодарен за все это. Поэтому я наградил вас орденом дружбы.

Өз кезегінде Михаил Бочарников екі ел байланысының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі белсенді қызметіне тоқталды.

Сосын Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығының бүгіні мен келешегі жайлы ой қозғады. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей елшісін «Достық» орденімен марапаттады. 

Михаил Бочарников,  РФ Қазақстан республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Қазақстанда 11 жылдан астам атқарған қызметім барысында елдеріңізге деген ризашылық сезімім арта түсті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы және бұл органға төрағалық етуі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі елдеріңіздің маңыздылығын көрсетіп отыр. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту бойынша жүргізіп отырған сыртқы саясаты үшін ризашылығымды білдіремін.

 

 

 

 

 

 

Елбасының АҚШ-қа сапары кезінде қол қойылған айтулы 6 келісім аталды

    Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 11:40

Ақорданың Facebook парақшасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында жасалған келісімдер арасындағы айтулы 6 құжатты атады.

1.Қазақстанның әуе паркі Boeing 737 MAX 8 және Boeing 787 Dreamliner ұшақтарымен толығатын болды. Тапсырыс көлемі – 9 ұшақ. 
2. Еліміздің темір жолдарында 2019 жылдан бастап General Electric компаниясының тіркемелі локомотивтері жолаушы тасымақ. Теміржол паркіне қосылатын GE локомотивтерінің саны – 300.
3. Қазақстанның денсаулық сақтау қызметін дамытуға АҚШ-тың сырқаттарды бақылау мен алдын алу орталықтары септеседі. Nazarbayev University – University of Pittsburgh Medical Center (UPMC) халықаралық онкоорталық құруға жұмыс жасауда.
4. Елімізде дәрі-дәрмекті тасымалдау мен сақтау үшін салқындату жүйелерін дамыту бойынша алғашқы қадам – «Pfizer» компаниясымен түсіністік меморандумына қол жетті. 
5. Chevron мен Қазақстан еліміздегі біріккен жобалардан түскен 251 миллион долларды мұнай мен газ жобаларына қайта инвестициялауда өзара түсіністік тапты. 
6. АҚШ Қазақстанда ағылшын тіліне қолжетімділікті жақсарту бағдарламасына ресурстық қолдау көрсетпек. Биылдан бастап америкалық мұғалімдер өңірлерде ағылшын үйретіп, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 480 балаға тіл үйрену стипендиясы бөлінбек.

Мемлекет басшысының Өкімімен А.Суханов ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

    Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018 11:14

Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

    Сейсенбі, 23 Қаңтар 2018 17:50
Ақорда

Жиында Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапарын қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар пысықталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен келіссөздері қос ел ынтымақтастығына тың серпін бергені сөзсіз. Елбасы ендігі кезекте бұл келісімдердің орындалуына септігін тигізетін шаралар қарастыру қажет екенін айтты. Және Қазақстан АҚШ-тың ірі компаниялары және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асырудың маңыздылығын атады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүгін біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында нақты мәселені қараймыз. Біріншіден Вашингтонда, Нью-Йоркте болған кездесулер жайында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне баяндап, болған шаруаларды, шешілген мәселелерді жинақтап, келіссөздер жүргізгеннен кейін соның нәтижесінде не істеуіміз керек біздің жағымыздан. Жоғарғы басшылардың арасында, басқа Америка басшыларының арасында бірталай кездесу болды. Ішкі саясат, сыртқы саясат, өңірлік, дүниежүзілік қауіпсіздік мәселелері, экономикалық жағынан өте көп нақты келіссөзге қол жеткіздік. Соның барлығын бүгін сіздерге баяндап, біздің не істеуіміз керек екенін қарайтын боламыз. Содан кейін өзіміздің ішкі мәселелерімізді қараймыз.