20:05 Әрі қарай эфирде: «Тығырық» телехикаясы
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

    Сейсенбі, 23 Қаңтар 2018 17:50
Ақорда

Жиында Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапарын қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар пысықталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен келіссөздері қос ел ынтымақтастығына тың серпін бергені сөзсіз. Елбасы ендігі кезекте бұл келісімдердің орындалуына септігін тигізетін шаралар қарастыру қажет екенін айтты. Және Қазақстан АҚШ-тың ірі компаниялары және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асырудың маңыздылығын атады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүгін біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында нақты мәселені қараймыз. Біріншіден Вашингтонда, Нью-Йоркте болған кездесулер жайында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне баяндап, болған шаруаларды, шешілген мәселелерді жинақтап, келіссөздер жүргізгеннен кейін соның нәтижесінде не істеуіміз керек біздің жағымыздан. Жоғарғы басшылардың арасында, басқа Америка басшыларының арасында бірталай кездесу болды. Ішкі саясат, сыртқы саясат, өңірлік, дүниежүзілік қауіпсіздік мәселелері, экономикалық жағынан өте көп нақты келіссөзге қол жеткіздік. Соның барлығын бүгін сіздерге баяндап, біздің не істеуіміз керек екенін қарайтын боламыз. Содан кейін өзіміздің ішкі мәселелерімізді қараймыз.

Елбасы мемлекет қайраткері Ж.Еркімбековтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 20:13

Қазақстан Президенті көрнекті мемлекет қайраткері Жексенбек Еркімбековтің туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.

«Жексенбек Еркімбеков белгілі музыкант және мәдениет пен өнер саласының талантты ұйымдастырушысы еді. Ол он жылдан астам еліміздің Мәдениет министрлігін басқарып, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің дамуына зор үлес қосты», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Жексенбек Еркімбековтің еңбегі мен жарқын бейнесі қазақстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Астана процесі Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізу үшін үлгі болуға қабілетті

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 19:00

Қазіргідей шиеленістер өршіген уақытта Қазақстанның жаһандық деңгейдегі бейбіт бастамалары – көпке үлгі.

Халықаралық деңгейдегі белді деген сарапшылар әлем жұрты Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көтерген бастамаларына үн қосуы керек деп есептейді.

Акшин Мехтиев, БҰҰ жанындағы ИЫҰ тұрақты өкілі:

-Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етіп отыр. Бұл тарихи оқиға екені мәлім. Іс-шараның өзі ерекше және оның мәні мен мағынасы зор. Бұл ретте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сынды беделді тұлғаның орны бөлек. Қазақстан жаһан жұртына жан-жақты танылып, өзін мойындата білген ел. Көптеген қақтығыстарды реттеу үшін  делдал  болғаны да белгілі. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып бауырлас елге жаңа жетістіктер тілеймін.

Фритьев фон Норденскельдт, Германияның Франциядағы бұрынғы елшісі:

-Қырғиқабақ соғыс кезінен бері алғаш рет ядролық қарусыздану және осы қаруды бақылау мәселесі алдыңғы орынға шығып отыр.  Осы ретте Қазақстан мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы өзгелерге үлгі боларлық. Мен Таяу Шығыста ядролық  қарусыз аймақ құру идеясын құптаймын. Өйткені бұл өңірдегі жағдай шиеленісіп тұр. Мұндағы елдер қарулана бастаса, соңы  жақсылыққа апармайды. Мен сондай-ақ Астана процесі Иран немесе Солтүстік Кореямен де келіссөздер жүргізу үшін жақсы үлгі  бола алады деп ойлаймын.

Ли Цзыго, Қытай халықаралық мәселелерді зерттеу институтының қызметкері:

-Мен қазір Президент Назарбаев туралы кітап оқып жатырмын. Бұл туындыда Қазақстан көшбасшысының Семей ядролық  полигонының зардаптарын өз көзімен көріп, оның ары қарай жұмыс істеуіне қарсы болғандығы туралы бір оқиға баяндалады. Демек қазақ басшысы ядролық қарудан бейбіт, қарапайым xалықтың зардап шегетінін анық түсінді. Бүгінде Қазақстан әлем  мінбелерінде тұрып, өз ұстанымын айқын жеткізетін ықпалды елге, бейбітшіліктің жаршысына айналды.

Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018 16:50

Екеуара әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегі сөз болып, Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастығы пысықталды.

Тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты пікір алмасып, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.