Саясат - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сәрсенбі, 11 Қазан 2017 22:42

Жиын жабық есік жағдайында өтті. Онда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан көшбасшылары бірқатар құжатқа қол қойды. Соның негізгісі – 2025 жылға дейінгі цифрлық теxнологияларды дамыту жоспары.

Бұл бағдарламалық құжат Еуразиялық бестікке электрондық сауданы бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан жаһандық цифрлық трансформацияға қарай жасалған ірі қадам. Осы орайда Қазақстан 2018 жылы жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің цифрлық экономика жөніндегі арнайы кездесуін өткізуге шақырды.

Сонымен қатар Одақ көшбасшылары интеграциялық бірлестіктің даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. Одақ сәтті қызмет етіп келеді. Бастысы, интеграция экономикалық өсімге ойдағыдай әсер етіп отыр. Сөйтіп, Ішкі жалпы өнім жиынтығы биыл 1,8 пайызға артты. Өсім стратегиялық өндіріс салаларында байқалды. Ал сыртқы сауда көлемі 26 пайызға өскен. Келер жылы Одаққа төрағалық ету тізгіні Ресейге беріледі.

Сәрсенбі, 11 Қазан 2017 19:31

ЕХРО көрмесі аясында 300-ге жуық халықаралық іскерлік кездесу ұйымдастырылды.

Нәтижесінде инвестициялар тарту жөнінде 20-дан астам келісімге қол қойылды. Мұндай мәліметті Үкіметте Инвестициялар және даму министрлігі мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері келтірді. Инвестициялардың жалпы сомасы туралы нақты айту ертерек. Жобалардың дені химия, мұнай химиясы және фармация саласына тиесілі. Ақпараттық технологияларға қатысты жобалар да аз емес.

Сәрсенбі, 11 Қазан 2017 19:21

Жиында мемлекеттер басшылары ТМД аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдарын талқылап, достастықтың тиімділігін арттыру мен оған мүше елдердің сауда, инвестициялық байланыстарын тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар отырыста Тәжікстан Республикасының ТМД-ға төрағалық ету кезеңінде атқаратын жұмыс жоспары, Түрікменстанның достастықты одан әрі дамытуға қатысты ұстанымы және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы аясында атқарылған жұмыс нәтижелері тыңдалды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға қарсы күрес саласындағы құжаттарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, ТМД елдерінің басшылары мәдениет, білім беру, ғылым және туризмге қатысты байланыстарды нығайтуға әрі кеңейтуге бағытталған гуманитарлық саладағы бірқатар маңызды шешімдерді қарастырып, отбасын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы мәлімдеме қабылдады.

Ақпарат көзі: akorda.kz

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.