×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 138

Саясат

Елбасы Саули Ниинистёге сайлаудағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады

    Сейсенбі, 30 Қаңтар 2018 11:50

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёге Финляндия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі.

«Бұл жеңіс Финляндия халқының Сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі. Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын», – делінген жеделхатта.

Елбасы Милош Земанды Чех Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

    Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 20:03

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Земанды Чех Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Сіздің жеңісіңіз еліңізді одан әрі дамытуды көздеген бағытыңызға деген халық сенімінің айқын дәлелі болып саналады.

Біз биыл дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейге көтерілгеніне қуаныштымын.

Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін өзара серіктестік рухында жалғаса беретініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық және жауапты қызметте табыс, ал достас Чехия халқына бейбітшілік пен береке тілей отырып, өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Ақпарат көзі: akorda.kz

Вашингтонда ҚР Президентінің АҚШ-қа жасаған ресми сапарына арналған жиын өтті

    Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 19:27

Вашингтондағы ең ауқымды «Сараптамалық кеңес» орталығында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарына арналған қорытынды жиын өтті.

Іс-шара тікелей және интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды. Оған АҚШ-тың жетекші сарапшылары, дипкорпус мүшелері, Ақ үйдің жоғары лауазымды тұлғалары, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі, Мемлекеттік департамент және америкалық ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазақстанның елшісі Ержан Қазыханов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапарын табысты ұйымдастыруға көмек көрсеткен әріптестеріне алғыс айтты. Ол Ақ үйде бірлесіп қабылданған мәлімдеме мен жоғары дәрежелі келісім сенімді серіктестікті тереңдете түсетініне сенім білдірді.

Ал АҚШ тарапы көптеген коммерциялық келісім жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болып, екі елдің экономикалық өсуіне ықпал ететінін жеткізді.  АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд шұғыл халықаралық мәселелерді шешуде Қазақстан Президентінің көшбасшылығына тәнті екенін атап өтті және қос елдің келешегі кемел боларына сенім білдірді.

Лиза Кертис, АҚШ Президенті көмекшісінің орынбасары:

- АҚШ пен Қазақстан басшылары кездесуінің негізгі тақырыптарының бірі экономикалық ынтымақтастық болды. Екі көшбасшы іскерлік оңтайлы ахуал қалыптастырып, Қазақстанға барынша Америка компанияларын  тарту жолдарын талқылады. Мен президенттік делегация құрамында 2017 жылдың тамызында Астанаға ЭКСПО-ға бардым. Ондағы  Халықаралық қаржы орталығы мен инновациялық технологиялар паркінің болашағы жарқын болары сөзсіз. Бұл тамаша жоба. Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі әрі қарай стратегиялық әріптестікке ықпал етері сөзсіз.

Ричард Хоугланд, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі:

- Тәуелсіздік алған жылдары Президент Нұрсұлтан Назарбаев көпвекторлық дипломатияны құруды қолға алды. Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақпен жан-жақты достық қарым-қатынас орнатты. Бұл ел ядролық қаруды таратпау бастамасын қолға алып, экономикалық реформаларды өткізе бастады. 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарды және алғаш рет ЕҚЫҰ саммитін өткізді. Астана Сирия мәселесі бойынша да бірқатар келіссөз жүргізуге қолғабыс етті. Әрине, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі төрағалығын атап өткен жөн. Сөзсіз, бұл әлемдік аренада Қазақстанның беделін айшықтай түсті.

ҚР СІМ Кабулдағы террорлық әрекетке байланысты мәлімдеме жасады

    Жексенбі, 28 Қаңтар 2018 16:12

Қазақстан 2018 жылғы 28 қаңтарда Кабул қаласындағы дипломатиялық ауданда болған адамгершілікке жатпайтын және нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған террорлық әрекетті қатаң айыптайды.

Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану - аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет.

Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қауымдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады. 

ҚР СІМ қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтады және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.