Н.Назарбаевтың ИЫҰ елдерінің форумын құру идеясы Түркияда кеңінен талқыланды

    Жұма, 15 Қыркүйек 2017 08:20

Ислам ұйымының алдыңғы қатарлы он бес мемлекеті бірігіп, OIC15 форумын құру туралы Елбасының ұсынысын түркиялық сарапшылар да кеңінен талқылап жатыр.

Ахи Эвран университетінің профессоры, саясаттанушы Куршад Зорлудың айтуынша, ислам әлемі ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыру үшін күш біріктіруі тиіс.

«Бұл бағытта  Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылым мен инновациясы өркендеген батыс елдерімен ынтымақтастықты арттырып, ашық диалог орнату бастамасы құптарлық», – деді сарапшы. 

Куршад Зорлу, Ахи Эвран университетінің профессоры, саясаттанушы: 

-Ислам мемлекеттерінің білім саласына бөлген қаржысын қосып есептесек, батыс елдерінің 5-тен бірін құрайды. Яғни еуропалықтар жалпы ұлттық өнімінің 5,1%-н, ал біздер 1,1%-н білім мен технологияға жұмсаймыз. Бұл өте төмен көрсеткіш және ол сәйкесінше арттырылуы тиіс. Қазақстанның батыспен де, ислам елдерімен де байланысы бекем. Мысалы, ол OIC15 шеңберінде ғылыми-технологиялық мәселелерді шешуде маңызды роль атқара алады деп есептеймін.

Астана процесінің пленарлық отырысы өтеді

    Жұма, 15 Қыркүйек 2017 07:30

Астана процесінің алқалық отырысы болады деп күтілуде.

Бұл жолы қатысушы жақтар Идлиб провинциясында қауіпсіз аймақ құру мәселесін, елдегі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралары тізіміне енген ескерткіштерді минадан тазарту жайын және алдыңғы кездесулердегі келісімдердің орындалу барысын талқылайды.

Естеріңізге салайық, Астанада өтіп жатқан алтыншы раундқа Сирияның қарулы оппозициясының 24 өкілі мен кепіл елдер бастаған барлық мүдделі тараптар келген.

Астана процесінің осы отырысы туралы кешкі сағат 19:00-дегі қорытынды жаңалықтарда толығырақ айтатын боламыз.

Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша отырыс өтті

    Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 21:00
ru.egemen.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Басқосуда «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы және оның барысында заңдылықтың қамтамасыз етілуі, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау саласын ел дамуының маңызды әлеуметтік мәні бар басым бағытының бірі ретінде атағанын айтты.

Іс-шара барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың және Бас прокурор Жақып Асановтың баяндамасы тыңдалды.

Баяндамашылардың мәліметіне сәйкес, бағдарламаны іске асырудың негізгі мақсатты көрсеткіштері оң қарқын алып отыр. Мақсатты 40 көрсеткішке мерзімінен бұрын қол жеткізілді (48%). Мәселен 2017 жылы азаматтардың компьютерлік сауаттылық деңгейі 76%-дан асты, ал жоспарланған меже 65% болатын; ұлттық жерсерік желісі абоненттерінің саны жоспарланған 500 мыңнан асып түсіп, 1,2 млн-нан артты.

Екінші мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының басшысы Талғат Татубаев баяндама жасады. Министр денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық әрекеттердің алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімдеді.

Отырыста соңғы 2 жылда бұл сала бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс саны 2 есе өскені мәлімделді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрі-дәрмек және медициналық қызметтерді сатып алу, фармацевтикалық компаниялармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты, сондай-ақ дәрі-дәрмек формулярларын қалыптастыру жүйесінде, сертификаттау рәсімдерінде және т.б. салаларда елеулі қатерлер анықталды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою жөнінде тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі: akorda.kz

Елбасы Ислам елдерінің бейресми ұйымын құру бастамасын көтерді

    Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 19:00

Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде Елбасы «Үлкен жиырмалыққа» ұқсас Ислам елдерінің бірлестігін құруды ұсынған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасына қазір көптеген шетел сарапшылары үн қосып жатыр.

Вячеслав Матузов, Араб елдерімен достық және іскерлік байланыс қоғамының президенті:

-Бұл идеяға терең мән берген жөн. Ислам елдерінде қаржы ресурстары жеткілікті. Біріккен Араб Әмірліктерінің өзін алып қарасақ, инвестициялық әлеуеті 1 трлн АҚШ долларына тең екен. Бұл бүкіл әлем бойынша көш бастап тұр деген сөз. Астанадағы бұл кездесу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Ал Қазақстан технологиялық, ғылыми потенциалға ие. Ендеше Ислам елдері дамуының локомотивіне айналуы мүмкін.