×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 94

Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешеніне барды

    Бейсенбі, 01 Маусым 2017 12:44
akorda.kz
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі. Қазақ жерінде өтетін осы бір әлемдік шараның басталуына 9 күн қалды. Оған бізде «жасыл» экономика тақырыбындағы түрлі технологиясын әкелетін қатысушы елдер мен халықаралық ұйымдар да сақадай сай.Еліміз осынау ауқымды шараға тыңғылықты дайындалды. Елордаға шамамен алғаш рет бір маусымда 2,5 млн туристің табаны тиеді деп күтілуде. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО» нысандарының дайындығын, онда қойылған жабдықтардың мүмкіндіктерін көріп шықты. Ұйымдастыру ісіне көңілі толатындығын айтты. Сондай-ақ көрме қарсаңында елордада бой көтерген ғимараттардың әсемдігіне тоқталып, оның болашақта ұрпақ игілігіне пайдалануға қалатындығын атап өтті. 
Ал Астананы жаңа келбетке енгізген халықаралық шараны өткізу идеясы қалай басталды?
Бұл – 2012 жылдың қарашасында болған тарихи сәт. Халықаралық көрме бюросының Бас ассамблеясында құпия дауыс беру кезінде Астана «ЭКСПО» көрмесін өткізу құқығына ие болды. Аталмыш бәйгеде елорда Бельгияның Льеж қаласын басып озды.
«ЭКСПО-ны» ұтуын ұтып алдық, ендігісі – соны абыроймен өткізу. Біздің ел осы бағытта үлкен жұмыс атқарды. Тарихи жеңістен соң Астана көрмені ұйымдастыруға білек сыбана кірісті. 
Нұрсұлтан Назарбаев болашақ «ЭКСПО» өтетін орынға капсула салып, 2014 жылы көрме кешенінің құрылысын бастауға пәрмен берді. Содан бері бірнеше жыл өтті. Күллі ел ортақ мүдде мен игі іске жұмылды. Дайындық жұмыстары соңғы сәттерде ерекше қарқын алды. Құрылыс Елбасының жіті бақылауында болды. Президент әрдайым құрылыс қарқынын қадағалап, нысан алаңдарына дейін өзі барды. Қажырлы еңбектің арқасында тұтас бір қалашық бой көтерді деуге негіз бар. Көрме кешені елордалықтардың көз алдында күн сайын көркейді. 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Строительство такого громадного объекта, как «ЭКСПО», идёт вследствие определенных затрат государства, и в течение последних четырех лет мы его строим. Фактически мы построили новый район города нашего. Красивый район, современный. С самого начала мы думали, как после «ЭКСПО» использовать вложенные средства и построенные объекты. Самым главным объектом после «ЭКСПО» мы решили, что там будет международный финансовый центр. Там будет технологический парк. Вы видите, там сфера такая есть – самое большое сферическое здание диаметром 80 метров, общей высотой 100 метров. Эта сфера имеет 8 этажей. Каждый этаж будет показывать один из видов альтернативной энергии. Допустим, первый этаж  гидроэнергетика. Второй этаж  энергия солнца, третий этаж  энергия ветра, четвертый этаж  биоэнергетика. Представляете, все это остается, как опытный образец для показа всем и, конечно, для нас казахстанцев.  
Көрмеге бір аптадай уақыт бар. Жылдың басты шарасы жақындаған сайын әр қазақстандықтың жүрегі толқуы заңдылық. Әлемдік деңгейдегі айтулы шара болған соң, жауапкершіліктің жүгі жеңіл емес. Сондықтан Елбасы соңғы дайындық жұмыстарын қадағалау үшін бүгін «ЭКСПО-ны» арнайы аралады. Әуелі Президент көрменің басты нысаны болып табылатын «Нұр Әлем» павильонына бас сұқты. Бұл – диаметрі 80 метр шар түрінде салынған әлемдегі бірден-бір ғимарат. Павильонда «Болашақтың энергиясы музейі» орналасады. Онда Қазақстанмен танысу аймағы болады, сондай-ақ энергияның негізгі түрлері ұсынылады.  
Келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері және елдің жетістіктерімен таныса алады. Бастысы, көрмеде біздің елдің «жасыл» экономикадағы ең үздік жетістіктері көрсетілуі тиіс. Мемлекет басшысы о бастан осындай талап қойған. Бүгін олардың дені Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді. «Болашақ Астана – Қазақстанның 2050 жылғы елордасы» экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, қазақстандық 28 ғылыми жобаны және «Жасыл экономика» тұжырымдамасы жөніндегі жобаларды қамтитын «Жасампаз энергия» аймағы, сондай-ақ Қазақстанның «Токамак» материалтану термоядролық реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиақабырға таныстырылды.
Астананың «Болашақтың энергиясы» тақырыбын таңдауы бекер емес. Бұл қадам бірінші кезекте Қазақстанда баламалы энергия көздерін дамытуға серпін бермек. Су, жел, күннің көзі өз алдына, ядролық, тіпті плазмалық энергетика саласындағы тың жобалар жүзеге аса бастайды.  
Көрмеге 100-ден астам ел мен халықаралық ұйым қатысады. Олардың барлығы өз павильондарына жайғасты. Мұнда келушілер әлемдік жетістіктермен танысатын болады. Соңғы технологиялар, «жасыл» энергетикадағы үздік жобалар ұсынылмақ. Ол үшін қазақ елі барлық мемлекеттерге бірдей жағдай жасады.  
Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
- Павильондарға 1 қарашадан бастап орналастырдық. Бұған дейін көрме Миланда өтті. Cол кезде ондаған ел дайын болған жоқ. Әзірліктерін шара басталғаннан кейін аяқтады. Біз мұндай кемшін тұстарды алдын ала ескердік. Жуырда Халықаралық көрме бюросынан тексеру келді. Инспекциялық комиссия дайындығымызға жоғары баға берді.
Қазақстан айтулы шараға тыңғылықты дайындалды. Ұзын саны 2,5 млн турист келеді деп күтілуде. Меймандар «ЭКСПО» кешенін аралап, қаланың заманауи келбетімен таныса алады. Қонақтар қазақтың қонақжайлылығына тәнті болып қана қоймай, ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне де қанығады. Мерекелік концерттер мен көрмелер көптеп ұйымдастырылады. Алдағы үш ай бойы арнайы бой көтерген «Конгресс-холл» шараның басты мәдени ошағына айналмақ. Нұрсұлтан Назарбаев мұнда да болып, «Шаңырақ», «Аспан» залдарын, VIP-террасаны, концерт залын көрді. Конгресс-орталық – көпфункционалды мәдени әрі ойын-сауық орталығы. Онда 2 192 орынға арналған көрермендер залы және 4 конференц-зал бар. Қазақстан Президентіне көрменің ашылу рәсімі қалай өтетіні көрсетілді.  
Астана жаңа келбетке енді. Көрме кешенін айтпағанда, шаһарда көптеген нысандар бой көтеріп, қала көркейе түсті. Су жаңа теміржол вокзалы мен әуежайда жаңа терминал ашылды. Қонақ үйлер салынып, мейрамханалар пайда болды. Елбасы әр айтқан сөзінде: «бұл өскелең ұрпақтың қамы үшін», – дейді. Оның сыртында жаңа инфрақұрылым жүргізіліп, ғылыми-инновациялық жетістіктерге жол ашылды. Ол «ЭКСПО» аяқталған соң да елге қызмет ете бермек. Демек Астананың мерейі мен абыройы асқақтай түседі деген сөз.  
Авторы: Мұхтар Ыбырайым

Мемлекет басшысы Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғаниге көңіл айту жеделхатын жіберді

    Бейсенбі, 01 Маусым 2017 12:15

Жеделхатта Кабул қаласындағы террорлық акт салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. 

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте Ауғанстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға Қазақстан әрқашан дайын екенін атап өтемін», – делінген жеделхатта.