Саясат - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сейсенбі, 17 Қазан 2017 08:53

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы сарапқа салынады.

Сондай-ақ республикалық бюджеттің биылғы 9 ай ішіндегі орындалу барысы талқыланады. Оған қоса Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жайы сөз болады.

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 18:55

Бұл күндері Ресейдің Санкт-Петербор қаласында Парламентаралық одақтың 137-ассамблеясы өтіп жатыр.

Онда жаһанның 160 елінен жиналған делегаттар адамзат қауіпсіздігінен бастап, гендерлік теңдік секілді тақырыптар төңірегінде диалог құруда. Біздің парламенттік делегацияны шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бастап барды.

Парламентаралық одақ – 173 елдің парламентарийлерін біріктерген алып ұйым. БҰҰ секілді атынан ат үркитін атағы болмаса да, беделді һәм 130 жылға жуық тарихы бар көне құрылым. «Ассамблея ауқымы жағынан рекорд орнатты», – дейді ұйымдастырушылар. Әлемнің 160 елінен 2500 мыңға жуық делегат келді. Демек диалог керек. Ал оның ашылуына Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің қатысуы ассамблеяның салмағын еселей түскендей. Ресей президенті терроризммен күресте бірігуге шақыра отырып, Сириядағы жағдайды реттеуде Астана келіссөзінің нәтижелілігін атап өтті.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:  

 - Жақында Қазақстанда Астана форматында тағы 4 нүктені деэскалациялау туралы келісімге қол жеткізілді. Соңғы екі жылда Сирияда террористердің бақылауындағы аумақ бірнеше есеге кеміді. Терроризммен күресті қосалқы стандарттарсыз, қандай да бір саяси көзқарастарға бағынбастан жүргізу қажет. Бұл жолда, әрине, күш-жігерді біріктірмесе болмайды. 

Терроризмге қарсылығын Қазақстан тарабы тек сөзбен айтып қана қоймай, нақты іспен де дәлелдеп жүр.

Қазақстан БҰҰ-ның Орталық Азиядағы контртеррористік стратегиясын іске асыру үшін 300 мың доллар бөлді. Оған қоса арнайы құжат әзірлеп жатыр. Ассамблея аясында Мәжіліс төрағасы өз әріптестерін Назарбаевтың антитеррористік бастамаларын қолдауға шақырды.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 

- 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында халықаралық антитеррорлық коалиция құру жөнінде бастама көтерді. Бүгін мына мінберден Парламенттік одақтың мүше-мемлекеттеріндегі әріптестерімізге Қазақстан Президентінің контртеррористік бастамаларын, сондай-ақ БҰҰ шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимыл кодексін қолдауға шақырамыз. 

Ядролық қарусыздану. Бұл қаншалықты шынайы? Ассамблея аясында осы тақырыпқа арнайы пікірталас ұйымдастырылды. Яролық соғыс қаупі сейілмей тұр. Үрей тіпті үдей түсуде. Сабер Чоудхури Парламентаралық одақтың төрағасы ретінде Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту бастамасын батырлық деп бағалайды. 

Сабер Чоудхури, Парламентаралық одақтың төрағасы: 

 - Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық ұстанымын әлемдік қауымдастық жоғары бағалайды. Және мұның қазіргі заманға үлкен батырлық екенін ешкім жоққа шығара алмас. Қазақстанның осы қадамы өзге елдерге үлгі болуы керек. Сондай-ақ Қазақстан терроризммен күрес тақырыбында да көшбасшылық танытты. 

Мәмілеге келу – парламентарийлердің миссиясы. Сондықтан мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеу қажет. Ассамблея аясында Парламентаралық одақтың 6 геосаяси тобының отырысы өтеді. Қазақстан аталған ұйымға 1993 жылдан бері мүше. Ұйым белсенділері әлем қауіпсіздігін сақтаудағы Қазақстанның үлесін айрықша атап өтті.

Әли Лариджани, Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы: 

- Нұрсұлтан Назарбаевтың коалиция құру туралы бастамасын өз басым құптаймын. Астана Сирия дағдарысын реттеуге ниетті. Және бұл оның қолынан келді де. Бұл мәселе Женевада оң шешімін тапқан жоқ, есесіне Сирия келіссөздері Астанада табысты жүргізілді.

Мария Лохела, Финляндия парламентінің төрайымы: 

- Қазақстанның географиялық орналасуы оның бітімгер ретінде әлемдік аренада сөйлеуіне мүмкіндік береді. Бұл мемлекет өте күрделі мәселелерді шешуде жетекші орын алады. Біздің мемлекетіміз де әріптестікті жандандыра түседі деп сенеміз. 

Парламентаралық одақтың бұл жолғы ассамблеясы үш маңызды тұсымен тарихта қалады. Біріншіден, Парламентаралық одақтың құрамы тағы үш мемлекетпен толықты. Өзбекстан, Түрікменстан мен Вануата мемлекеттері мүшелікке өтініш берген. Екіншісі, ассамблеяның қорытындысы бойынша демокартия туралы құжат қабылданады. Ал үшінші тұсы Парламентаралық одақ ассамблеясының ТМД-ға мүше мемлекеттері 30 маусымды парламентшілер күні деп белгілеу туралы бастама көтерді. 

Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Жомар Елеуов, Айбол Жұмағұлов

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 18:31

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.