×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Спорт

Қырғызбаев пен Серікжанов Тунистегі Гран-приде қола медаль жеңіп алды

Қырғызбаев пен Серікжанов Тунистегі Гран-приде қола медаль жеңіп алды

Тунис елінде дзюдодан әлемдік Гран-При кезеңі басталды.

Жарыстың бірінші күнінде дзюдошылар 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасынан 4 дзюдошы татамиге шығып, оның екеуі жеңіс тұғырынан көрінді.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Ғұсман Қырғызбаев жарыстың қола жүлдесін қанжығалады. Ғұсман Қырғызбаев жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы қарсыласы Ресей балуаны Альберт Монгушты, артынша екінші айналымда бельгиялық Джори Верстритенді иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Жартылай финалда Валиде Хьиярға есе жіберген отандасымыз Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде марокколық Ясин Моудатирді жеңіп, жарыстың қола медаліне ие болды.

66 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Ерлан Серікжанов үшінші орын үшін белдесуде ресейлік Иса Исаевты иппонмен жеңіп, ел қоржынына екінші қола медальді салды.

Ақпарат көзі: olympic.kz