Головкин-«Канело» жекпе-жегі туралы мақала Boxing Monthly журналында басты тақырып болады - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Головкин-«Канело» жекпе-жегі туралы мақала Boxing Monthly журналында басты тақырып болады

  • Жексенбі, 20 Тамыз 2017 11:00
Головкин-«Канело» жекпе-жегі туралы мақала Boxing Monthly журналында басты тақырып болады https://twitter.com/KOwriting/status/

Британия жерінде жарыққа шығатын Boxing Monthly журналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварес арасында келер айда өтетін жекпе-жек туралы мақала жариялайтын болды. Бұл кездесу басылымның қыркүйектегі басты тақырыбы болғандықтан, мұқаба Головкин мен Альварестің суретімен шығады.

Boxing Monthly журналы – Ұлыбританияда 1989 жылдан бері жарық көретін спорт әлемінде салмағы бар танымал басылым. Ал оның тамыз айындағы шығарылымы атышулы МакГрегор-Мейуезер жекпе-жегіне арналған болатын.

Осыған дейін Геннадий Головкин Альвареспен болатын жекпе-жекті асыға күтіп жүргені туралы өзінің твиттерінде жазған еді. Boxing Monthly журналында «Канело»-Головкин»: Біз күткен жекпе-жек» атауымен жарық көретін мақаланың твиттердегі жарнамасына пікір жазған жанкүйерлер де осы шайқасты тағатсыздана тосып жүргендері туралы айтыпты.

Boxing Monthly

Авторы: Г.Абилова

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.