Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокс турнирі басталды - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокс турнирі басталды

  • Бейсенбі, 05 Қазан 2017 18:55

Ақтауда қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған Х халықаралық турнир басталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан сайысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Польша, Грузия, Финляндия мен Моңғолия сияқты 15 елден 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қатысушы былғары қолғап шеберлері арасында Олимпиада, әлем чемпиондары да бар. Маңғыстаудың тумасы Шоқыр Бөлтекұлы еліміздегі бокстың дамуына көп үлес қосқан. Ол Асқар Құлыбаев, Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов сынды белгілі боксшыларды тәрбиелеген. Турнир аясында Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Әділбек Ниязымбетов бастаған чемпиондар ашық жаттығу мен шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөліседі.

Ермахан Ыбрайымов, Олимпиада чемпионы:

– Бұл турнир сөзсіз Қазақстан боксшыларын шыңдайтын, өздерінің шеберліктерін шыңдайтын кезең. Артымызда тұрған жас спортшы, боксшылардың да жігерін қайрайтын мүмкіндік. Осы турнир арқылы Маңғыстау өңірінен, жалпы Қазақстаннан мықты боксшылар тәрбиеленіп шықты. Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Әділбек Ниязымбетов, Ердос ЖаңабергеновАйта берсе, тізім көп. Сондықтан бұл турнирдің Қазақстан боксының дамуына өзінің ерекше, сүбелі үлесін қосып келе жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.