07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Головкин WBC кеңесінің Мексикадағы елшісі болды

Головкин WBC кеңесінің Мексикадағы елшісі болды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) Мексикадағы елшісі атанды.

Бұл туралы кеңестің президенті Маурисио Сулейман айтты.

«Головкин қазан айында Мексикаға келіп, бірнеше шараға қатысады. Қазір ол отбасымен бірге. Головкин – жас балалар үлгі тұтатын боксшы. Ол бұған дейін ешқашан жанжалдың ортасында қалмаған. Біз оны мақтан тұтамыз. Сондықтан біздің Мексикада елшіміз болады», – дейді Сулейман Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқан WBC кеңесінде Головкин «Жыл адамы» атанған болатын.

Ақпарат көзі: vesti.kz