ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Рухани жаңғыру: «Жетісу жүйрігі» турнирі өтті

Рухани жаңғыру: «Жетісу жүйрігі» турнирі өтті

Талдықорған ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу жүйрігі» турнирі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен барған жүзден астам сәйгүлік қатысты. Аламан бәйге – 41, топ бәйге – 21, ал тай жарыс 5 шақырымға созылды. Аламанда Жамбыл облысының «Самал» атты тұлпары алдына қара салмаса, топ бәйгеде «Талғар» ауданының аты озды. Тай бәйгеде Қарасай ауданының Ақтанай атты тайы мәре сызығын бірінші болып кесті.  Жеңімпаздарға темір тұлпарлардың кілті мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Алмат Үшкемпіров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:  

- Ұлттық ат спорты түрлерінен екінші «Жетісу жүйрігі» турнирі өткізілуде. Бәйге биылғы жылы Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламаларды іске асыру мақсатында өткізіліп отыр.