ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

АҚШ қазақ боксы туралы фильм түсірді

АҚШ қазақ боксы туралы фильм түсірді

Америкалықтар қазақ боксы туралы тамаша фильм түсірді.

Сөзсіз қазақ жерінен шыққан жігіттер шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмей, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. 

Осының құпиясын білмек болған Feed The Flame бағдарламасының жүргізушісі Пол Стюарт қазақ жеріне келген. Ол  Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен кездесіп, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сұхбаттасқан. 

Мейман жылқы шаруа қожалығына да барған. Атты әрі көлік, әрі тағам еткен халық қанатты пыраққа мініп, елін, жерін жаудан қорғаған. Сол табандылық қазіргі қазақ жігіттерінің бойында да бар. Олардың рухы мықты. Сондықтан олар спортта осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Пол Стюарт фильмде осындай ой түйгенін айтты.