ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Америкалық журналистер қазақстандық боксшылар туралы деректі фильм түсірді

Америкалық журналистер қазақстандық боксшылар туралы деректі фильм түсірді Фото: zimbio.com

Америкалықтар қазақ боксы туралы тамаша фильм түсірді.

Сөзсіз, қазақ жерінен шыққан жігіттер шаршы алаңда қарсыласқа шақ келтірмей, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Осының құпиясын білмек болған Feed The Flame бағдарламасының жүргізушісі  Пол Стюарт қазақ жеріне келген. Ол Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен кездесіп, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сұхбаттасқан. Мейман жылқы шаруа қожалығына да барған. «Атты әрі көлік, әрі тағам еткен халық қанатты пыраққа мініп, елін, жерін жаудан қорғаған. Сол табандылық қазіргі қазақ жігіттерінің бойында да бар. Олардың рухы мықты. Сондықтан олар спортта осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр». Пол Стюарт фильмде осындай ой түйгенін айтты.