ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Петропавлда әмбебап теннис орталығы қолданысқа беріледі

Петропавлда әмбебап теннис орталығы қолданысқа беріледі

Петропавлда келер жылдың наурыз айында әмбебап теннис орталығы халық игілігіне беріледі.

Қазір аталмыш нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Кешен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберіне тұрғызылуда. Жоба құны 1,5 млрд теңге тұрады. Болашақта мұнда 7 корт болмақ. Оның төртеуі жабық болса, қалған үшеуі ашық алаң екен. Мұнымен қатар 1200 адамға шақталған көрермен залы бар. Ал кешеннің жалпы аумағы – 7200 шаршы метр.