07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Еуразия Барысында» ел намысын кімдер қорғайды?

«Еуразия Барысында» ел намысын кімдер қорғайды? vesti.kz

16 желтоқсан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Еуразия Барысы» әлем кубогы өтеді.

Биыл «Еуразия Барысына» Бразилия, Жапония және Камерун елдері тұңғыш рет қатысады. Ал бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан табылған Моңғолия мен Грузия командалары қазақ күресінен тәжірибелері мол. Сонымен қатар жарысқа Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның қос командасы бақ сынайды. «Еуразия Барысы» әлем кубогы – командалық сайыс. Әр командада сегіз балуаннан күреседі. Спортшылар 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша мықтыны анықтайды.

Назарларыңызға Қазақстан құрамасын ұсынамыз:

-55 келі. Дауылбай Оспан

-60 келі. Қуаныш Ысқақов

-66 келі. Бақдәулет Сәбитов

-74 келі. Айдос Ғалымов

-82 келі. Ерсұлтан Мұзаппаров

-90 келі. Бекзат Ахметбеков

-100 келі. Асыл Бәрменов

+100 келі. Айбек Нұғымаров

Екінші құрама:

-55 келі. Дәулет Ниетбай

-60 келі. Ержан Мағауинов

-66 келі. Қасымхан Төленбай

-74 келі. Аманкелді Төлемісов

-82 келі. Сахан Әбдіқасым

-90 келі. Саят Шамшиев

-100 келі. Виктор Демьяненко

+100 келі. Руслан Әбдіразақов

Ақпарат көзі: vesti.kz