07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматыда қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі басталды

Алматыда қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі басталды

«Алматы Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі басталды.

Аталған додада Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары өзара командалық сында бақ сынайды. Айта кетейік, қазақ балуандары жарысты ұйымдастырушы ел ретінде екі құраммен өнер көрсетеді. Ал өзге елдер бір құраммен 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша мықтыны анықтайды.

Жоғарыда аталған елдер арасында «Еуразия Барысы» турниріне Бразилия, Жапония және Камерун елдерінің балуандары тұңғыш рет қатысуда.

Ел намысын қорғайтын балуандар тізімін тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейік:

Қазақстанның 1-құрамасы:

55 келі: Дауылбай Оспан;

60 келі: Қуаныш Ысқақов;

66 келі: Бақдәулет Сәбитов;

74 келі: Айдос Ғалымов;

82 келі: Ерсұлтан Мұзаппаров;

90 келі: Бекзат Ахметбеков;

100 келі: Асыл Бәрменов;

+100 келі: Айбек Нұғымаров.

Қазақстанның 2-құрамасы:

55 келі: Дәулет Ниетбай;

60 келі: Ержан Мағауинов;

66 келі: Қасымхан Төленбай;

74 келі: Аманкелді Төлемісов;

82 келі: Сахан Әбдіқасым;

90 келі: Саят Шамшиев;

-100 келі: Виктор Демьяненко;

+100 келі: Руслан Әбдіразақов.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат