×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143

Спорт

Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді ©:kstnews.kz

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Қазақстандық боксшы үшінші кездесуін Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде өткізді. Оның қарсыласы украиналық Алекснадр Нестеренко болды. Ол кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жетсе, сегіз кездесуде жеңіліп қалған.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласын сұлатын салды. Осылайша Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Еске салайық, 29 жастағы отандасымыз кәсіпқой боксқа биыл ауысқан еді. Әуесқой бокста жүрген кезінде Жан Кособуцкий 2013 жылы Қазанда өткен Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын. Сонымен қатар ол Қазақстан біріншілігін үш рет (2010, 2012 және 2013 жылдары) жеңіп алды.