ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Астана» және «Спортинг» Еуропа лигасының рекордын жаңартады

    Сейсенбі, 12 Желтоқсан 2017 11:16
pressdemocrat.com

«Астана» және лиссабондық «Спортинг» футболшылары 1/16 финал кездесуінде қашықтыққа ұшып бару жағынан Еуропа лигасының жаңа рекордын орнатады.

Бұл туралы vesti.kz порталы хабарлайды.

Қазақстан мен Португалия астанасы арасындағы қашықтық – 7 348 шақырым. Астанадағы ойын 15 ақпанда, ал Лиссабонда 22 ақпанда өтеді.

Еуропа лигасының мұның алдындағы рекорды «Қайрат» пен франциялық «Бордо» клубтарына тиесілі болған. 2015 жылы футболшылар матч үшін бір бағытқа 5 947 шақырымды ұшып өткен болатын.

«Астана» мен португалиялық «Бенфика» футболшылары да осындай рекорд орнатқан еді. 2015 жылы топтық кезең аясында олар бір бағытқа 7 348 шақырым жерді ұшып өту керек болатын.

Осылайша, «Астана» клубы ақпанда қос еурокубоктың рекордын иеленеді.

Илья Ильин кәсіби спортқа қайта оралуы мүмкін

    Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017 22:39

Әйгілі зілтемірші, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спорттан шеттетілу мерзімі аяқталған соң кәсіби спортқа қайта оралуы мүмкін.

Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

Айта кетейік, жерлесіміз былтыр допинг дауына байланысты 2 жылға спорттан шеттетілген болатын. Бұл мерзім келер жылдың маусымында аяқталуы тиіс. Яғни Ильяның Жапония астанасында өтетін Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі мол. Дегенмен зілтемірші бұл сұраққа нақты жауапты келер жылдың қаңтар айында беретінін айтады. Оған дейін медициналық тексерістен өтіп, денсаулық жағдайын жан-жақты бағамдап алмақ. Оның үстіне Ауыр атлетика федерациясымен келісілетін маңызды мәселелер бар көрінеді.

Илья Ильин, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы:

– Былтырғы допинг дауына қатысты мәселелер шешілді. Келер жылдың жазында спорттан шеттетілу туралы мерзім аяқталады. Біріншіден, маған қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысымды айтамын.

Иван Дычко BoxRec рейтингінде бірден 269 сатыға жоғарылады

    Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017 16:22
Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Иван Дычко BoxRec.com беделді сайттың рейтингінде үлкен серпіліс жасады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшылар арасында ол 653-орыннан 384-ке көтерілді. Еске салайық, Хайалиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кеші аясында Дычко бірінші раундта мексикалық Карлос Сандовалды нокаутқа жіберген болатын.

Конькимен жүгіруден әлем кубогының кезекті кезеңінде отандасымыз 2-ші орыннан көрінді

    Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017 14:38
Фото: Караван

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды.

Аталмыш додада ел намысын қорғаған спортшылар ішінде Екатерина Аидованың нәтижесін ерекше атауға болады.

1000 метрде әйелдер арасында В тобында жарысқан отандасымыз 2-ші орынға ие болды.

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіру спортынан әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Аталмыш додада ел намысын қорғаған спортшылар ішінде Екатерина Аидованың нәтижесін ерекше атауға болады.

1000 метрде әйелдер арасында В тобында жарысқан отандасымыз 2-ші орынға ие болды.