ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Хоккейден Қазақстан жастары әлем чемпионатындағы бірінші ойында жеңіске жетті

    Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017 07:38
Фото: vesti.kz

Хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Отандастарымыз «А» дивизионындағы алғашқы ойында Германия жастарын ұтты.

Ойынның бірінші кезеңінде командалар шайба соға алған жоқ. Екінші кезеңде немістер бірінші болып шайба соғып, есепте алға шықты. Үшінші кезеңде Қазақстан жастар құрамасы есепті теңестіріп қана қоймай, бір шайба басымдығымен алға шыққан. Ойынның аяқталуына бірер минут қалғанда Германия жастары таразы басын теңестіріп кетті. Нәтижесінде командалар негізгі уақытта 2:2 есебімен тең ойнап, овертаймда Артур Гатиятовтың соққан шайбасы Қазақстан жастар құрамасына жеңіс сыйлады.

Ертең Қазақстан жастар құрамасы Латвиямен ойын өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының «А» дивизионындағы ойындар Францияның Куршевель қаласында өтуде. Оған Қазақстаннан бөлек Франция, Германия, Латвия, Венгрия мен Австрия құрамалары қатысуда.

«А» дивизионы элиталық дивизионнан кейінгі орында. Оған шығу үшін топта бірінші орын алу керек. Соңғы рет қазақстандық жас хоккейшілер элиталық дивизионда 2009 жылы ойнаған.

Қазақстан-U20 - Германия-U20 3:2 ОТ (0:0, 0:1, 2:1, 1:0)

0:1 – 20:58 Чарли Янке (Бокк)
1:1 – 42:43 Самат Данияр (Орехов)
2:1 – 45:11 Самат Данияр (Бекетаев)
2:2 – 58:43 Леон Гаванке (Вальтер)
3:2 – 63:57 Артур Гатиятов (Орехов)

Ақпарат көзі: vesti.kz

Бүркітшілерге «спорт шебері» атағы берілетін болады

    Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 23:31
inform.kz

Бұл туралы Тәуелсіздік күніне орай өткен «Қансонар» халықаралық бүркітшілер фестивалінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 70-тен астам бүркітші бар. Олар жыл сайын әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, өз біліктіліктерін сынап келеді. Бұл ұлттық дәстүріміздің дамуына айрықша үлес қосып отыр.

«Бүркітшілік өздеріңіз білесіздер, ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылығы ретінде тіркелген. Бұл тек қазаққа ғана тән дәстүр екенін әлем мойындап отыр. Ең алғашқы бүркіт те осы қазіргі Қазақстан территориясында қолға үйретілгенін де қазір барлығы біледі»,– дейді Ерлен Оспанов.

Сонымен қатар ол бұл дәстүрдің енді ұлттық спорт түріне жатқызылатынын айтып өтті.

prosports

Қазақстандық теннисші бейресми әлем чемпионатының финалына шықты

    Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 15:20
Фото: inform.kz

Қазақстандық теннисші Достанбек Ташбулатов АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плантейшен қаласында өтіп жатқан Orange Bowl International Championships бейресми әлем чемпионатының финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясынан мәлім етті.

Қазақстандық жартылай финалда Польша спортшысы Даниель Михалскийден 6:3, 1:6, 6:4 есебімен басым түскен болатын. Ал финалда ол ресейлік Темофей Скатовты 7:6 (5), 6:7 (6), 7:5 есебімен ұтқан француз теннисшісі Уго Гастонмен бас жүлде үшін сайысқа түседі. Айта кетерлігі, осы турнир аяқталғаннан кейін Ташбулатов ITF Juniors рейтингінде әлемнің үздік 50 теннісшісінің қатарына кіреді. Ал бұл жайт оның Australian Open 2018 жасөспірімдер арасындағы негізгі сетте өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық могулшылар ел қоржынына қос жүлде салды

    Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 10:20
Фото: facebook.com/olympickaz/

Финляндияның Рука тау шаңғысы шипажайында өткен 2017/18 маусымдағы фристайл-могулдан Әлем кубогының бірінші кезеңі қазақстандық спортшылар үшін тамаша нәтижемен аяқталды.

Бұл жайында Халықаралық шаңғы спорты федерациясынан мәлім етті. Олимпиадалық жарыс саналатын «могулдан» ерлер арасында 85,11 ұпай жинаған қазақстандық Дмитрий Рейхерд - екінші, ал тағы бір отандасымыз Павел Колмаков 84,44 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Осылайша спорттың осы түрінен алғаш рет екі қазақстандық Әлем кубогы кеңезінде жеңіс тұғырына көтерілді. Ал бұл сайыстың бас жүлдесі 87,45 балл жинаған канадалық спортшы Майкл Кинберриге бұйырды.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат