Спорт - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сейсенбі, 17 Қазан 2017 12:06

Enca.com сайты 2017 жылдың ең танымал жекпе-жектерінің тізімін жариялады.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Тізімге АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 16 қыркүйекте өткен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек енгізілген. Бұдан тыс тізімнен орын алғандар қатарында: Энтони Джошуа - Владимир Кличко және Кит Турман - Дэнни Гарсия жекпе-жектері де бар. Сондай-ақ сайттың айтуынша, украиналық Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондоның 9 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі жанкүйерлер жадында көп сақталады деу қиын.

Еске сала кетсек, Головкин - «Канело» айқасында жеңімпаз анықталмаған болатын, енді тараптар 2018 жылғы 5 мамырда реванш өткізу жөнінде келіссөздерге кіріскен.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 22:13

Талдықорған ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу жүйрігі» турнирі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен барған жүзден астам сәйгүлік қатысты. Аламан бәйге – 41, топ бәйге – 21, ал тай жарыс 5 шақырымға созылды. Аламанда Жамбыл облысының «Самал» атты тұлпары алдына қара салмаса, топ бәйгеде «Талғар» ауданының аты озды. Тай бәйгеде Қарасай ауданының Ақтанай атты тайы мәре сызығын бірінші болып кесті.  Жеңімпаздарға темір тұлпарлардың кілті мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Алмат Үшкемпіров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:  

- Ұлттық ат спорты түрлерінен екінші «Жетісу жүйрігі» турнирі өткізілуде. Бәйге биылғы жылы Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламаларды іске асыру мақсатында өткізіліп отыр.

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 16:11

FIFA ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады, деп жазады Sports.kz.

Қазақстан құрамасы бір айда жеті орынға төмендеп, тізімнің 133-қатарына тұрақтады. Посткеңестік елдердің арасынан тек Литва ғана біздің құрамадан кейін тұр. Рейтингтің көшін Германия, Бразилия және Португалия сияқты алыптар бастап тұр. 

16 қазандағы FIFA рейтингі: 

1. Германия – 1631 ұпай 

2. Бразилия – 1619 

3. Португалия – 1446 

4. Аргентина – 1445 

5. Бельгия – 1333 

6. Польша – 1323 

7. Франция – 1226 

8. Испания – 1218 

9. Чили – 1173 

10. Перу – 1160   

...114. Түрікменстан – 279 

115. Әзербайжан – 273 

...120. Қырғызстан – 265 

...123. Тәжікстан – 255 

...133. Қазақстан – 231 

...145. Литва – 190.

Ақпарат көзі: inform.kz

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.