Спорт - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сейсенбі, 10 Қазан 2017 11:40

Франциялық France Football басылымы 2017 жылы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының тізімін жариялады.

Бұл тізімге келесідей футболшылар енген. Неймар («ПСЖ»), Лука Модрич («Реал»), Марселу («Реал»), Пауло Дибала («Ювентус»), Н`Голо Канте («Челси»), Ян Облак («Атлетико»), Серхио Рамос («Реал»), Филиппе Коутинью («Ливерпуль»), Дрис Мертенс («Наполи»), Луис Суарес («Барселона»), Роберт Левандовски («Бавария»), Давид Де Хеа («Манчестер Юнайтед»), Кевин Де Брейне («Манчестер Сити»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Эдин Джеко («Рома»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Джанлуиджи Буффон («Ювентус»), Тони Кроос («Реал»), Садио Мане («Ливерпуль»), Радамель Фалькао («Монако»), Лионель Месси («Барселона»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Д), Матс Хуммельс («Бавария»), Эдинсон Кавани («ПСЖ»), Карим Бензема («Реал»), Криштиану Роналду («Реал»), Леонардо Бонуччи («Милан»), Иско («Реал»), Эден Азар («Челси»), Кильян Мбаппе («Монако»).

Айта кетейік, биыл «Алтын допты» үздік футболшыға қашан табыстайтыны әлі белгісіз. Ал өткен жылы бұл атақты мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жеңіп алған болатын. Үздік фуболшыны анықтауға әлемнің барлық елінің спорт тілшілері қатысады.

France Football басылымы «Алтын допты» 1956 жыл 2010 жылдар аралығында беріп келді. 2010 жылдан бері бұл жүлде «FIFA-ның үздік футболшысына» берілетін атақпен бірігіп кетті.

2016 жылы France Football FIFA-мен байланысты үзіп, үздік футболшыны қайта өзі жеке марапаттай бастады.

Ақпарат көзі: qsport.kz

Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 07:30

Қазақстан құрама командасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің іріктеу турнирін аяқтады. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Олар мүмкін болған отыз ұпайдың үшеуін ғана иеленіп, көш соңында қалып қойды. «Е» тобынан Польша жаһандық жарысқа жолдама алды.

Дания да үмітін үзген жоқ.  Александр Бородюк шәкірттері соңғы турда Арменияны қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Ойынның 26-минутында Генрих Мхитарян есеп ашқан болатын. Үзілістен кейін Бауыржан Тұрысбек таразы басын теңестірді. Кездесуден кейін сөз алған екі команданың да бапкерлері өз шәкірттеріне риза екендігін жеткізді.

Жексенбі, 08 Қазан 2017 22:36

Семей қаласында джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Диас Еренғайыпов (56 келі) пен Арман Әшімов (62 келі) комбат джиу-джитсудан ел чемпионы атанды.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.