×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 148

Еуро-2019: Қазақстан жастар құрамасы өз тобында көш бастап тұр

    Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 11:02
Sports.kz

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде 1:4 есебімен Франция командасына жол бергенін хабарлаған болатынбыз.

Соған қарамастан Владимир Никитенко шәкірттері төрт ұпаймен 9-топтың бірінші орнын сақтап қалды. Қазақстандықтардың келесі матчы 6 қазан күні Болгарияда өтеді. 9- топтың турнирлік кестесі: 

1. Қазақстан – 4 ұпай (3 ойын)

2. Словения – 3 (1)

3. Франция – 3 (1)

4. Люксембург – 3 (3)

5. Черногория – 1 (1)

6. Болгария – 0 (1).  

Ақпарат көзі: inform.kz

WBC Головкин-Альварес жекпе-жегіне тігілген белдікті таныстырды

    Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 09:15

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің жеңімпазына арналған арнайы белдікті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы белдікке 16 қыркүйек деген жазу ойылып жазылған, сондай-ақ екі жағында Қазақстан және Мексика елдерінің мемлекеттік туы бейнеленген.

Айта кетейік, WBC ұйымы бұған дейінгі үлкен жекпе-жектерге де арнайы белдіктер дайындаған. Оған мысал ретінде Макгрегор-Мейвезер айқасына әзірленген бір жарым келі 24 каратты алтын, сондай-ақ 3360 гауһар тас, 600 жақұт және 160 зүмірет тас қолданылған «бағалы белбеуді» айтуға болады. Ал осы жылдың 3 мамырында Альварес пен оның отандасы кіші Чавес арасындағы айқасқа арнайы дайындалған белдікте Қазақстан туы алғаш рет ұйымға мүше ел ретінде бейнеленді.

Еске сала кетейік, Альварес Головкинмен болатын жекпе-жегінде WBC белдігіне таласудан бас тартқан болатын. Оған себеп 2015 жылы қараша айында Сауль Альварес кубалық Мигель Коттодан орта салмақтағы WBC титулын жеңіп алды. Жекпе-жектен кейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Альвареске міндетті қарсылас ретінде қазақстандық Геннадий Головкинді белгіледі. Қортындысында Альварес титулдан бас тартқан болатын.

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Францияға есе жіберді

    Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 08:00

Францияның Ле-Ман қаласында футболдан Қазақстан жастар құрамасы франциялық қарсыластарына есе жіберді.

«MMArena» стадионында өткен ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Франция U21 – Қазақстан U21 – 4:1 (0:0) 

Голдар: Террье 71, Бамба 74, Террье 83, Террье 87 – Жалмұқан 54 

Соғылмаған пенальти: Арит 4 (қақпашы) 

Ескерту: Диакаби 89 – Федин 50, Перцух 68, Сұлтанов 77 

Алаңнан қуылған ойыншы: Шадманов 3 

Франция U21: Бингуру Камара (қ), Абду Диалло (к), Муктар Диакаби (Террье 57), Маркус Коко (Ндомбеле 80), Люка Тюзар, Амин Арит (Муссе 57), Джонатон Бамба, Адама Диакаби, Лукас Эрнандес, Бенжамен Павар, Оливье Нтшам; 

Қазақстан U21: Дмитрий Колбунцов (қ), Дәурен Мәжитов, Демият Сламбеков, Айбол Әбікен, Бекзат Шадманов, Дидар Жалмұқан (к), Максим Федин, Александр Соколенко (Геворг Наджарян 81), Қуаныш Қалмұратов (Карам Сұлтанов 8), Юрий Перцух, Бактиер Зайнутдинов (Руслан Әлімбаев 68); 

Төрешілер: Дональд Робертсон, Шон Карр, Дуглас Поттер, Стивен Маклин (барлығы – Шотландия).

Көкшетаулық пауэрлифтер Әлем біріншілігінде жүлдегер атанды

    Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 18:13
DailyNews.kz

Көкшетаулық пауэрлифтер Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласында жасөспірімдер арасында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті.

Оған әлемнің 40 елінен келген жас спортшылар қатысты. Оның ішінде көкшетаулық Испандияр Қайыржан АҚШ спортшысына есе жіберіп, 66 келі салмақ бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

Жаттықтырушысы Асылжан Альмерденовтің айтуынша, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Испандияр Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің үшінші курсында оқиды. «Пауэрлифтингпен бар-жоғы 3 жыл ғана айналысуда. Осы аз ғана уақыттың ішінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр», – деді жатықтырушысы Асылжан Тасболатұлы.

Еске сала кетейік, Испандияр Қайыржан Көкшетаудағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жаттығады.

Ақпарат көзі: inform.kz