Қылмыс - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Сейсенбі, 18 Сәуір 2017 22:06

Атырау облысындағы кен алаңдарының бірінен 100 тонна шикі мұнай ұрлап, шетел асырмақ болған қылмыстық топ ұсталды.

Күдіктілер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген шара барысында Қазақстан-Ресей шекарасында қолға түсті. 14 адамнан тұратын қылмыстық топ 6 автокөлікке артылған қара алтынды Ресей арқылы шетелдерге шығармақ болған. Араларында екі елдің де азаматтары болған.  

«Жасыл ел» еңбек жасақтары республикалық штабының Алматы облыстық филиалы жаңа маусымын бастады. Ашылу рәсімі Жаркент өңіріндегі 7 ғасырға куә болған киелі ағаш маңында өтті. Жастар сол жерге тал егіп, абаттандыру жұмыстарын атқарды. Биыл бұл топқа Алматы облысынан 2 мыңға жуық жас қатысқалы отыр. Оларға былтыр ай сайын 35 мың теңге төленген болса, биыл 55 мың теңге беріледі.   

Ақтауда ағылшын тілін тегін оқытатын орталыққа келушілер қатары көбейді. Мұнда мектептегі баладан елуді еңсерген азаматтарға дейін білім алып жатыр. Орталық қазақ жастарының шет елдерге оқуға түсуіне де жол көрсетеді. Маңғыстаулық жастардың бастамасымен құрылған бұл орталықта ағылшын тілімен қатар робототехника және бухгалтерлік есеп негіздері курстары да ақысыз жүргізіліп жатыр.

Жұма, 14 Сәуір 2017 22:09

Батыс Қазақстан облысында балықты заңсыз аулаушылар азаймай тұр.

«Бекіре-2017» жедел алдын алу шаралары аясында тағы бір заң бұзушылық тіркелді. Орал-Атырау тас жолының бойындағы Чапаев ауылы маңында тоқтатылған автокөліктен жарты тоннадай бағалы балық табылған. Көлік иесінің рұқсат құжаттары болмай шықты. Қазір оқиғаға байланысты іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. 

Маңғыстауда «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының слеті өтіп жатыр. Жас ғалымдар Шерқала, Тау самалы, Бекет ата сияқты 19 нысанда зерттеу жүргізбек. Күні кеше олар ғылыми жобаларын қорғаудан сайысқа түсті. Экспедиция барысында оқушылар өз ауылдарына тал егіп, құстарға үйшік жасап, табиғатты қорғауға атсалысады.

«Дәрілік өсімдіктерді заңсыз жинап, саудалауға тыйым салынсын!». Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары осындай бастама көтерді. Олар осы бастаманы Парламент депутаттарының назарына ұсынды. Қазақстанда мың жарымға жуық дәрілік өсімдік түрлері бар. Олар медицина, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Алайда дәрілік флораларды жинау елімізде заңмен реттелмеген.

Жұма, 07 Сәуір 2017 00:15

Петропавлда салық төлеуден жалтарып келген шетелдік ірі компанияның өкілдігі анықталды.

Мұнай тасымалдаумен айналысатын алпауыт кәсіпорын өкілдері бес жыл бойы жалған декларация тапсырып келген. Бұдан мемлекетке келтірілген шығын көлемі 600 млн теңгеден асады. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Заңсыз әрекеттері дәлелденсе, жауаптылар бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Виктория Пивоварова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің аса маңызды істер жөнінен аға офицері:

-Бұл қаражатты мемлекетке қайтарып алу үшін сот шешімімен шетелдік компания филиалының есеп-шоты бұғатталып тасталды. 609 млн теңге алдағы уақытта облыстық бюджетке түсетін болады.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.