ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ақтөбе облысында суыр мен қоян аулаған браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облысында суыр мен қоян аулаған браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облысында «Экологиялық патруль» жедел іс-шарасы кезінде суыр мен қоянды заңсыз аулаған 3 адам ұсталды.

Браконьерлердің көлігін тінту кезінде 2 аңшы мылтығы мен патрондар тәркіленген. Сонымен бірге 2 суыр мен 1 қоян табылды. Олардың қару қолдануға құжаттары болғанымен, аң аулауға рұқсаттары болмаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.