Жаңалықтар - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Бейсенбі, 19 Қазан 2017 21:30

Жаңа жылдан бастап Астана-Лениногорск бағытындағы 375,376-шы пойыздардың құрамдары жаңартылмақ. Бүгін бұл туралы журналистерге көлік комитетінің өкілдері хабарлады. 

Бұл мақсатта жыл соңына дейін «Тұлпар-Тальго» вагондарының 62 бірлігі сатып алынбақ. Жеке тасымалдаушылар да Қостанай-Алматы, Қостанай-Арқалық, Жезқазған-Астана секілді бағыттардағы пойыз вагондарын ауыстырған. 

Айта кетейік, жылыту маусымына дайындық басталғалы теміржолмен 31 млн тоннадан астам көмір тасымалданды. 9 айда 5,5 млн тонна астық қажетті жеріне жеткізілген.

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 21:16

Қазақстан қор биржасының индексі жыл басынан 51 пайызға өсіп, әлемнің беделді биржаларының көрсеткіштерінен асты.

Бұл отандық қор нарығындағы эмитенттердің экономикалық әлеуетін көрсетеді. 

KASE мамандарының айтуынша, 9 айдағы сауда көлемі 119 триллион теңгеге жетіп, былтырғыдан 62,6 пайызға, яғни 45,8 триллионға өскен. «Мұндай көрсеткішке доллар бағамы әсер етті», – дейді мамандар. 

Қаржыгерлер: «Соңғы тоқсанда теңге бағамына Brent маркалы мұнайының бағасы мен рубльдің АҚШ валютасына шаққандағы құны әсер етті», – дейді.

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 21:01

Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының бірі дизель отынының қысқы түрлерін шығара бастады. Өнім халықаралық К-2 және К-3 экологиялық талаптарына сай келеді. 

Бұл – жанармай тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді. Сондай-ақ мұнда қыркүйектің соңынан бері 281 мың тонна мұнай өңделіп, 33 жарым мың тонна бензин мен 96 мың тонна дизель шығарылыпты. Ал бүгіннен бастап ішкі нарыққа шығарыла бастайтын дизельдің қысқы түрлері 25 градус аязда да қатпайтын көрінеді. 

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.